1. Қоса беріліп отырған Атырау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "17" шілдедегі № 220 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидасы мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Атырау облысының автомобиль жолдарын сыныптау қағидасы мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрленген.2. Сыныптау қағидасы және шарттары
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.Шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн сыныптау жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға келісу үшін жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзу туралы материалдарды жiбереді.
Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi.
Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.
3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi
4. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
5. Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.
Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi: бұл жағдайда Атырау облысы "Е" әрпімен белгіленеді.
"КЕ" әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
Реттік номер | Атырау облысы аудандарының атаулары | Индекстегі әріп атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | Махамбет | МХ |
2 | Индер | ID |
3 | Исатай | IS |
4 | Кұрманғазы | KR |
5 | Мақат | MK |
6 | Қызылқоға | KY |
7 | Жылыой | GL |