"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қазандағы № 311 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 қарашада № 3330 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 191 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2963 тіркелген, 2014 жылғы 19 тамызда "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 311 қаулысына қосымша Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 311 қаулысымен бекітілген

"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Атырау медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – білім беру туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен формаларына сәйкес денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 297 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар табылады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне береді – 30 (отыз) минут ішінде.

      Стандарттың 9-тармағында көретілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттарды қарайды, даярлаудан өту кезінде 13 (он үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдейді және жетекшілік ететін орынбасарға келісуге жолдайды;

      біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өту кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жетекшілік ететін орынбасары тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды - 30 (отыз) минут ішінде;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) тартылады:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      көрсетілетін қызметті берушінің жетекшілік ететін орынбасары;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

      10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында, "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында көрсетілген.

  "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің сипаттамасы


  "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2- қосымша

"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения"

Постановление акимата Атырауской области от 02 октября 2015 года № 311. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 02 ноября 2015 года № 3330. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 25 декабря 2019 года № 304 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 25.12.2019 № 304 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить регламент государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Атырауской области от 11 июля 2014 года № 191 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2963, опубликовано 19 августа 2014 года в газете "Прикаспийская коммуна").
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Мукан Ш.Ж. – заместителя акима Атырауской области.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б. Измухамбетов

  Приложение к постановлению акимата Атырауской области от "2" октября 2015 года № 311
  Утвержден постановлением акимата Атырауской области от "2" октября 2015 года № 311

Регламент государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения"

1. Общие положения

      Государственная услуга "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения" (далее - государственная услуга) оказывается коммунальным государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Атырауский медицинский колледж" (далее - услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через услугодателя.

      5. Форма оказания государственной услуги - бумажная.
      6. Результат оказания государственной услуги - документы о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения в соответствии с видами и формами документов об образовании государственного образца. 

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      7. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги являются документы, предусмотренные пунктом 9 Стандарта государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения", утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 297 "Об утверждении стандарта государственной услуг "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения" (далее - Стандарт).
      8. Содержание каждой процедуры (действий) входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:
      1) сотрудник канцелярии услугодателя принимает документы предусмотренные пунктом 9 Стандарта, регистрирует их и передает ответственному исполнителю услугодателя - в течении 30 (тридцать) минут.

      В случае предоставления не полного пакета документов, указанных в пункте 9 Стандарта документы не принимаются;

      2) ответственный исполнитель услугодателя рассматривает представленные документы, оформляет результат государственной услуги и направляет на согласование курирующему заместителю руководителя услугодателя в течении 13 (тринадцати) рабочих дней - при прохождении подготовки;

      при прохождении повышения квалификации и переподготовки – в течение 2 (двух) рабочих дней;

      3) курирующий заместитель услугодателя проверяет и согласует результат государственной услуги и направляет руководителю услугодателя - в течении 30 (тридцати) минут;
      4) руководитель услугодателя подписывает результат государственной услуги и направляет ответственному исполнителю услугодателя в течении 30 (тридцати) минут;
      5) ответственный исполнитель услугодателя регистрирует результат государственной услуги и передает услугополучателю в течении 1 (одного) рабочего дня.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      9. В процессе оказания государственной услуги задействованы следующие структурно-функциональные единицы (далее - СФЕ):

      сотрудник канцелярии услугодателя;

      ответственный исполнитель услугодателя;

      курирующий заместитель услугодателя;

      руководитель услугодателя.

      10. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия) приведены в приложении 1, справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения" в приложении 2 к настоящему Регламенту.

  Приложение 1 к регламенту государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения"

Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия)


  Приложение 2 к регламенту государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения"