"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" және "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 309 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғғы 03 қарашада № 3333 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 16.04.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3–тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы "2" қазандағы № 309
қаулысына 1-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы "2" қазандағы № 309
қаулысымен бекітілген

"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) - "Атырау облысының Білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - басқарма) мен Атырау қаласы және облыс аудандарының білім бөлімдері (бұдан әрі – бөлім) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: "Үздік педагог" атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11058 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) бөлімнің жауапты қызметкері жыл сайын 1 сәуірге дейін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және бөлімнің басшысына жолдайды 20 (жиырма) минут ішінде;

      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды;

      2) бөлімнің басшысы түскен құжаттарды қарайды және Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін аудандық және (немесе) қалалық Комиссияның қарауына жолдайды 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      3) аудандық және (немесе) қалалық Комиссия жыл сайын сәуір айында келіп түскен құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Үздік педагог" атағын беру қағидасының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10279 болып тіркелген) талаптарына сәйкестігін қарайтын Конкурс ұйымдастырады және қатысушыларды бағалайды, оның қорытындысы бойынша Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін ұсыныс жасайды және бөлімнің басшысына хаттаманы жолдайды 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) бөлімнің басшысы жыл сайын 1 мамырға дейін хаттама негізінде ұсыныс хат дайындайды және басқармаға жолдайды;

      5) басқарма кеңсесінің жауапты қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде ұсыныс хатты тіркейді және басқарма басшысына жолдайды;

      6) басқарма басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін облыстық Комиссия қарауына жолдайды 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      7) Облыстық комиссия қатысушыларды бағалау үшін Конкурс өткізеді, қараудың қорытындысы бойынша үшінші республикалық кезеңге қатысу үшін ұсыныс береді және хаттаманы басқарма басшысына жолдайды 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      8) басқарма басшысы жыл сайын 30 тамызға дейін хаттама негізінде ұсыныс хат дайындайды және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кеңсесіне жолдайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) бөлімнің жауапты қызметкері;

      2) бөлімнің басшысы;

      3) аудандық және (немесе) қалалық Комиссия;

      4) басқарма кеңсесінің жауапты қызметкері;

      5) басқарма басшысы;

      6) облыстық Комиссия.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында, "Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.

  "Үздік педагог" атағын беру
конкурсына қатысу үшін құжаттар
қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

     


  "Үздік педагог" атағын беру
конкурсына қатысу үшін құжаттар
қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

     


     


  Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы "2" қазандағы № 309
қаулысына 2-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы "2" қазандағы
№ 309 қаулысымен бекітілген

"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар - "Атырау облысы Білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы мен аудандарының білім беру бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсына қатысушының бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы конкурстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз еркін түрдегі өтініш болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындау ұзақтығы:

      1) Конкурс жариялаған көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11058 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қабылдайды және тіркейді, және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 20 (жиырма) минут ішінде жолдайды.

      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) күнтізбелік күн ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және Комиссияның қарауына Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін жібереді;

      3) Комиссия 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестік мәніне отырыс өткізеді, біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлердің тізімін бекіту туралы шешім қабылдайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың үміткер ретінде бекітілгендігі туралы хабардар етеді;

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесіне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) тартылады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) Комиссия.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің - 1-қосымшасында, "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.

  "Мемлекеттік орта білім беру
мекемелерінің басшылары
лауазымдарына орналасу
конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

     


  "Мемлекеттік орта білім беру
мекемелерінің басшылары
лауазымдарына орналасу
конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Об утверждении регламентов государственных услуг "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог" и "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования"

Постановление акимата Атырауской области от 2 октября 2015 года № 309. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 03 ноября 2015 года № 3333. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 16 апреля 2019 года № 68 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 16.04.2019 № 68 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:

      1) регламент государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог" согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      2) регламент государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования" согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Мукан Ш.Ж. - заместителя акима Атырауской области.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким области

Б. Измухамбетов

  Приложение 1 к постановлению акимата Атырауской области от "2" октября 2015 года № 309 Утвержден постановлением акимата Атырауской области от "2" октября 2015 года № 309

Регламент государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог" (далее – государственная услуга) оказывается местными исполнительными органами (далее - услугодатель) - государственным учреждением "Управление образования Атырауской области" (далее - управление), отделами образования города Атырау и районов области (далее - отдел).

      Прием документов и выдача результатов для оказания государственной услуги осуществляется через канцелярию услугодателя.

      2. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      3. Результат оказания государственной услуги: присвоение звания "Лучший педагог", вручение свидетельства, нагрудного знака и вознаграждения в размере 1000-кратного месячного расчетного показателя.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является заявка по форме согласно приложению 1 к Стандарту государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог", утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 173 "Об утверждении стандартов государственных услуг по приему документов для участия в конкурсах на присуждение звания "Лучший педагог" и на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования, оказываемых Министерством образования и науки Республики Казахстан, местными исполнительными органами" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11058) (далее - Стандарт).

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) ответственный работник отдела ежегодно до 1 апреля принимает, регистрирует документы, указанные в пункте 9 Стандарта и направляет руководителю отдела в течение 20 (двадцати) минут.

      В случае предоставления не полного пакета документов, указанных в пункте 9 Стандарта документы не принимаются;

      2) руководитель отдела рассматривает поступившие документы и направляет на рассмотрение районной и (или) городской Комиссии для участия в первом этапе Конкурса в течение 2 (двух) рабочих дней;

      3) районная и(или) городская Комиссия ежегодно в апреле месяце проводит Конкурс, где рассматривает поступившие документы на соответствие требованиям Правил присвоения звания "Лучший педагог", утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 12 "Об утверждении Правил присвоения звания "Лучший педагог" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10279) и оценивает участников, по итогам которого рекомендует для участия во втором этапе Конкурса и направляет протокол руководителю отдела в течение 10 (десяти) рабочих дней;

      4) руководитель отдела на основании протокола подготавливает письмо-представление и направляет в канцелярию управления до 1 мая ежегодно;

      5) ответственный работник канцелярии управления регистрирует письмо-представление и направляет руководителю управления в течение 20 (двадцати) минут;

      6) руководитель управления рассматривает поступившие документы и направляет на рассмотрение областной Комиссии для участия во втором этапе Конкурса в течение 2 (двух) рабочих дней;

      7) областная Комиссия проводит Конкурс для оценивания участников, по итогам рассмотрения рекомендует для участия в третьем республиканском этапе Конкурса и направляет протокол руководителю управления в течение 10 (десяти) рабочих дней;

      8) руководитель управления на основании протокола подготавливает письмо-представление и направляет в канцелярию Министерства образования и науки Республики Казахстан до 30 августа ежегодно.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) ответственный работник отдела;

      2) руководитель отдела;

      3) районная и (или) городская Комиссия;

      4) ответственный работник канцелярий управления;

      5) руководитель управления;

      6) областная Комиссия.

      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия) приведено в приложении 1, справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог" в приложении 2 к настоящему регламенту.

  Приложение 1 к регламенту государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог"

Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия)

     


  Приложение 2 к регламенту государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания "Лучший педагог"

     


     


  Приложение 2 к постановлению акимата Атырауской области от "2" октября 2015 года № 309 Утвержден постановлением акимата Атырауской области от "2" октября 2015 года № 309

Регламент государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования" (далее - государственная услуга) оказывается местными исполнительными органами - государственным учреждением "Управление образования Атырауской области", отделами образования города Атырау и районов (далее - услугодатель).

      Прием документов и выдача результатов для оказания государственной услуги осуществляется через канцелярию услугодателя.

      2. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      3. Результатом оказания государственной услуги является решение конкурсной комиссии (далее – Комиссия) о соответствии участников Конкурса на замещение должности руководителя государственного учреждения среднего образования квалификационным требованиям вакантной должности.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является заявление в произвольной форме.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) работник канцелярии услугодателя, объявившего Конкурс, принимает и регистрирует документы, указанные в пункте 9 Стандарта государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования", утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 173 "Об утверждении стандартов государственных услуг по приему документов для участия в конкурсах на присуждение звания "Лучший педагог" и на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования, оказываемых Министерством образования и науки Республики Казахстан, местными исполнительными органами" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11058) (далее - Стандарт), и направляет руководителю услугодателя в течение 20 (двадцати) минут.

      В случае предоставления не полного пакета документов, указанных в пункте 9 Стандарта, документы не принимаются;

      2) руководитель услугодателя рассматривает поступившие документы и направляет на рассмотрение Комиссии для участия в первом этапе Конкурса в течение 4 (четырех) календарных дней;

      3) Комиссия в течение 5 (пяти) календарных дней проводит заседание на предмет соответствия квалификационным требованиям, принимает решение об утверждении списка кандидатов соответствующих квалификационным требованиям и в течение 3 (трех) рабочих дней уведомляет об утверждении их в качестве кандидатов.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги задействованы следующие структурно-функциональные единицы (далее - СФЕ):

      1) работник канцелярии услугодателя;

      2) руководитель услугодателя;

      3) Комиссия.

      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (дейстивия) приведено в приложении 1, справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования" в приложении 2 к настоящему Регламенту.

  Приложение 1 к регламенту государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования"

Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия)

     


  Приложение 2 к регламенту государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Прием документов для участия в конкурсе на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования"