Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а және Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2609 болып тіркелген, 2012 жылы 28 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулы мен шешімнің қосымшасы осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Облыс әкімінің |
Ә. Жұбанов | міндетін атқарушы Ғ. Дүйсембаев |
Мәслихат хатшысы | С. Лұқпанов |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 365 қаулысына және Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 429-V шешіміне қосымша |