"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үйде оқитын мүгедек балаларға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық қамсыздандыру тағайындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шеркешбаева).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
ХХХІІ сессия төрағасы | А. Тасимов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Қазиманов |