Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 175 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 279 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 шілдеде № 3242 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 24.05.2022 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес және қалалық әкімдіктің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 832 қаулысын қарап, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 175 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2856 болып тіркелген, 2014 жылы 10 сәуір күні "Атырау" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес "13, 14" жолдарымен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шеркешбаева).
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      XXХIV сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы
Б. Қазиманов

  Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 19 маусымдағы № 279 шешіміне қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардың жекеленген санаттары үшін көмектің мөлшері

13 

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға

Жеңіс күні 

25000 

14 

Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне)

Жеңіс күні

25000


О внесении дополнений в решение Атырауского городского маслихата от 3 февраля 2014 года № 175 “Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей”

Решение Атырауского городского маслихата Атырауской области от 19 июня 2015 года № 279. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 03 июля 2015 года № 3242. Утратило силу решением Атырауского городского маслихата Атырауской области от 24 мая 2022 года № 166

      Сноска. Утратило силу решением Атырауского городского маслихата Атырауской области от 24.05.2022 года № 166 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" и рассмотрев постановление городского акимата от 11 июня 2015 года № 832, Атырауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Атырауского городского маслихата от 3 февраля 2014 года № 175 "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2856, опубликовано 10 апреля 2014 года в газете "Прикаспийская коммуна") следующие дополнения:

      приложение 2 решения дополнить строками "13, 14" согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комисcию (Б. Шеркешбаева) по вопросам социальной защиты населения, здравоохранения, образования, культуры, по делам молодежи и спорта, по делам женщин и семейно–демографической политики.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXХIV сессии,
секретарь городского маслихата
Б. Казиманов

  Приложение к решению городского маслихата от 19 июня 2015 года № 279

Размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

13 

Лицам проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года

День Победы

25000

14 

Женам (мужьям) умерших инвалидов Великой Отечественной войны, которые не вступили в другой брак

День Победы

25000