Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 24.05.2022 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес және қалалық әкімдіктің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 832 қаулысын қарап, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 175 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2856 болып тіркелген, 2014 жылы 10 сәуір күні "Атырау" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес "13, 14" жолдарымен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шеркешбаева).3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XXХIV сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы |
Б. Қазиманов |
Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 19 маусымдағы № 279 шешіміне қосымша |
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардың жекеленген санаттары үшін көмектің мөлшері
13 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға | Жеңіс күні | 25000 |
14 | Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) | Жеңіс күні | 25000 |