Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 06.10.2022 № 2145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағын басшылыққа алып, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Атырау қаласы бойынша Атырау ауылдық округі әкіміне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы П. Хасановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Ожаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
"6" тамыз 2015 ж.
А. Абдолов
Қалалық әкiмдіктің 2015 жылғы "6" тамыздағы № 1384 қаулысына қосымша |
Атырау қаласы бойынша Атырау ауылдық округі әкіміне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны
№ | Елді мекен атауы | Орналастыру орыны |
Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Құрманғазы ауылы | Құрманғазы ауылы, №1 б, "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Дамбы дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд |