Атырау қаласы бойынша Атырау ауылдық округі әкіміне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орынын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қала әкімдігінің 2015 жылғы 06 тамыздағы № 1384 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 тамызда № 3281 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 2145 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 06.10.2022 № 2145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағын басшылыққа алып, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Атырау қаласы бойынша Атырау ауылдық округі әкіміне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы П. Хасановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Н. Ожаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атырау қалалық аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      (келісім бойынша)

      "6" тамыз 2015 ж.

      А. Абдолов


Қалалық әкiмдіктің 2015 жылғы "6" тамыздағы № 1384 қаулысына қосымша

Атырау қаласы бойынша Атырау ауылдық округі әкіміне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны

Елді мекен атауы

Орналастыру орыны


Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Құрманғазы ауылы

Құрманғазы ауылы, №1 б, "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Дамбы дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады