Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 171 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 мамырда № 3198 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі өкіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Ахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

М. Ізбасов


Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 171 қаулысымен бекітілген

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде-екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.
      3. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi.

2. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану

      4. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізіп және бағалау жүргізіледі. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарлар аудандық әкімдіктің қаулысы негізінде тиісті әкім аппаратының теңгеріміне бекітіледі. Тізбеге енгізу және бағалау, сонымен қатар теңгерімге алу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі (бұдан әрі - Тізімдеу актісі) негізінде жүргізіледі.
      5. Жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      6. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарлар олардың уақытша күтімге алу үшін жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалған келісім-шарт негізінде бекітіледі.
      7. Жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаларды анықтау кезінде жануарларды күтімге алу үшін қажетті жағдайы болуы ескеріледі.
      8. Жануарларды бағу мен пайдалануға берілген тұлғалар, жануарлардың өлім-жітімі мен іске жарамай қалғаны үшін бұған кінәсі болған кезде ғана және сол жануарлардың шекті құны мөлшерінде жауапты болады.
      9. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес пайдаланылады.
      10. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі - комиссия) уақытша күтімдегі мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

3. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

      11. Жануарлар мемлекет меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол ауданның тиісті жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

4. Қорытынды ережелер

      12. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.
      Ескерту: 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 11.09.2015 № 368 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об утверждении правил поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность

Постановление акимата Жылыойского района Атырауской области от 09 апреля 2015 года № 171. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 04 мая 2015 года № 3198

      Сноска. В пункте 12 текста на государственном языке слово "сақтаудан" заменено словом "сатудан" в соответствии с постановлением акимата Жылыойского района Атырауской области от 11.09.2015 № 368 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 22) статьи 18 и статьей 31 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", распоряжением Премьер – Министра Республики Казахстан от 18 апреля 2011 года "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые правила поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ж. Ахметова.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района

М. Избасов


Утверждено постановлением акимата района от 09 апреля 2015 года № 171

Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

1. Общие правила

      1. Настоящее Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" , Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяют порядок поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность.
      2. Если в течение шести месяцев с момента заявления о задержании рабочего и крупного раготого скота и двух месяцев – других домашних животных их собственник не будет обнаружен и не заявит о своем праве на них, право собственности на этих животных переходит к лицу, у которого они находились на содержании и в пользовании.
      3. При отказе этого лица от приобретения в собственность содержавшихся у него животных, они поступают в коммунальную собственность.

2. Учет, оценка, хранение и использование безнадзорных животных поступивших в районную коммунальную собственность

      4. Для дальнейшего использования животных, поступивших в районную коммунальную собственность, проводится их занесение в перечень районного коммунального имущества и оценка. После осуществления оценки, животные на основании постановления акимата района закрепляются на баланс аппаратов соответствующих акимов. Работы по занесению в перечень и оценке, а так же принятие на баланс производится в порядке определяемом Правительством Республики Казахстан, на основе акта описи, оценки и (или) приема-передачи Имущества (далее - Акт описи).
      5. Расходы по учету, оценке, хранению и использованию животных осуществляются за счет средств местного бюджета.
      6. Животные, поступившие в районную коммунальную собственность, закрепляются для временного содержания за физическими или юридическими лицами, определяемыми местным исполнительным органом на основе договора заключенного с государственным учреждением "Отдел экономики и финансов Жылыойского района".
      7. При определении лиц, у которых будут временно содержаться животные, учитываются необходимые условия для содержания животных.
      8. Лица, которым были переданы животные на содержание и в пользование, отвечают за гибель и порчу животных лишь при наличии вины и в пределах стоимости этих животных.
      9. Животные, поступившие в районную коммунальную собственность, используются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      10. Способ дальнейшего использования животных, поступивших в районную коммунальную собственность, в каждом конкретном случае решает комиссия, созданная постановлением акимата района (далее - комиссия) в течении срока временного содержания. Решение комиссии оформляется протоколом.

3. Порядок возврата животных прежнему собственнику

      11. В случае явки прежнего собственника животных после их перехода в государственную собственность прежний собственник вправе при наличии обстоятельств, свидетельствующих о сохранении к нему привязанности со стороны этих животных или жестоком либо ином не надлежащем обращении с ними нового собственника, требовать их возврата ему на условиях, определяемых по соглашению с соответствующим местным исполнительным органам района, а при не достижении согласия – в судебном порядке.

4. Заключительные положения

      12. Средства от продажи животных, в порядке определяемом законодательством полностью засчитываются в доход местного бюджета.