Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 171 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 368 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 қазанда № 3310 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 171 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3198 тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырдағы "Кең Жылой" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасының:
      мемлекеттік тілдегі мәтіннің 12 тармағында "сақтаудан" деген сөз "сатудан" деген сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Ахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Ізбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады