"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылқоға ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 175 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3283 тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте "Қызылқоға" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулының 1 тармағының 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұқанов |