1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Индербор кенті әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
2. Индербор кенті әкімі үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды стендпен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Д. Шамұратовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Арыстан |
"КЕЛІСІЛДІ": | |
Индер аудандық аумақтық | |
сайлау комиссиясының төрағасы: | Б. Құнас |
16 қаңтар 2015 жыл
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысына қосымша |