Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

Атырау облысы Индер ауданы мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 315-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 желтоқсанда № 3378 болып тіркелді

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – Индер аудандық мәслихатының 30.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      2. Келесі тәртіп айқындалсын:
      1) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың шығындарын өтеу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдеріне беріледі;
      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Атырау облысы Білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) шығындарды өтеу олардың білім алуы кезеңінде жүргізіледі;
      4) төлемдерді тоқтату келесі жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:

      психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзімнің аяқталуы;

      мүгедек баланың қайтыс болуы;

      мүгедектікті алып тастау;

      мүгедек баланың жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда оқып жатқан кезеңінде.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 30.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А. Доспаева) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2015 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХIII сессиясының төрағасы
И. Насыров
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров

      Индер аудандық мәслихатының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 315-V шешіміне қосымша

Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 06.06.2023 № 20-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 28.05.2024 № 92-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткішке тең.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы тармағында көрсетілген.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану

Решение Индерского районного маслихата Атырауской области от 25 ноября 2015 года № 315-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 07 декабря 2015 года № 3378

      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Индерского районного маслихата Атырауской области от 06.06.2023 № 20-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула с изменением, внесенным решением Индерского районного маслихата от 30.03.2021 № 15-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану, согласно приложению к настоящему решению.
      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Индерского районного маслихата Атырауской области от 06.06.2023 № 20-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Исключен решением Индерского районного маслихата Атырауской области от 06.06.2023 № 20-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      3. Исключен решением Индерского районного маслихата Атырауской области от 06.06.2023 № 20-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения возникшие с 1 октября 2015 года.

      Председатель очередной ХХХIII
cессии районного маслихата
И. Насыров
      Секретарь районного маслихата Б. Сапаров

  Приложение к решению
Индерского районного
маслихата от 25 ноября
2015 года № 315-V

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану

      Сноска. Решение дополнено приложением в соответствии с решением Индерского районного маслихата Атырауской области от 06.06.2023 № 20-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Индерского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Индерского районного маслихата Атырауской области от 28.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иных законных представителей детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Размер возмещения затрат на обучение равен 5 (пяти) месячному расчетному показателю, ежемесячно на каждого ребенка с инвалидностью.

      7. Основания для отказа возмещении затрат на обучение предусмотрены пунктом девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.