Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 315-V "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 15-VІI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 4921 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты кезекті II сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 315-V "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 санымен тіркелген, "Дендер" газетінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің кіріспе бөліктегі (кіріспедегі) "және Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 санымен тіркелді) деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 2 тармақтың:

      1) тармақшасындағы орыс тіліндегі мәтінде "одному из родителей" деген сөздер "родителям" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      2) тармақшасындағы "Атырау облыстық білім беру басқармасы" деген сөздер "Атырау облысы Білім беру басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Доспаева) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Карашина
      Мәслихат хатшысы Б. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады