Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 19.01.2018 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Оңтүстік Қазақстан облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлеуді "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ә.Нұртаев) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" (Б.Жылқышиев) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қаныбековке жүктелсін.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б.Оспанов |
Б.Жылқышиев | |
Е.Айтаханов | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
Р.Исаева |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "20" наурыздағы № 78 қаулысына қосымша |
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Оңтүстік Қазақстан облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын төленетін ақшалай үлес
Жарыстардың атаулары | Орын | Төлем көлемі (айлық есептік көрсеткіш) |
Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 1-орын | 150 АЕК |
2-орын | 125 АЕК | |
3-орын | 100 АЕК | |
4-орын | 90 АЕК | |
5-орын | 75 АЕК | |
6-орын | 60 АЕК | |
лицензия | 40 АЕК | |
Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) | 1-орын | 100 АЕК |
2-орын | 80 АЕК | |
3-орын | 70 АЕК | |
4-орын | 50 АЕК | |
5-орын | 40 АЕК | |
6-орын | 30 АЕК | |
Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) | 1-орын | 100 АЕК |
2-орын | 80 АЕК | |
3-орын | 60 АЕК | |
Әлем чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлерінен) | 1-орын | 60 АЕК |
2-орын | 40 АЕК | |
3-орын | 30 АЕК | |
Азия ойындары (жазғы, қысқы) Дүниежүзілік (жазғы, қысқы) Универсиада | 1-орын | 80 АЕК |
2-орын | 70 АЕК | |
3-орын | 60 АЕК | |
Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 1-орын | 70 АЕК |
2-орын | 50 АЕК | |
3-орын | 40 АЕК | |
Азия чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық Азия ойындары (жазғы, қысқы) | 1-орын | 60 АЕК |
2-орын | 40 АЕК | |
3-орын | 30 АЕК | |
Жастар, жасөспірімдер арасындағы (олимпиадалық спорт түрлерінен) Әлем чемпионаты | 1-орын | 50 АЕК |
2-орын | 40 АЕК | |
3-орын | 30 АЕК | |
Жасөспірімдер, кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) Жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) Азия чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлерінен) | 1-орын | 40 АЕК |
2-орын | 30 АЕК | |
3-орын | 20 АЕК | |
Қазақстан Республикасының чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы) | 1-орын | 30 АЕК |
2-ші, 3-ші орындар | 20 АЕК | |
Жастар ойындары (жазғы, қысқы) Жастар, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) | 1-орын | 20 АЕК |