1. Мыналар:
1) Оңтүстік Қазақстан облысы басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына;
2) Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
______________А.Мамытбеков
"12" маусым 2015 жыл
Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
С.Қаныбеков
А.Абдуллаев
Р.Исаева
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "12" маусым № 167 қаулысына 1-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
Ескерту. 1 – қосымшаға өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).р/с № | Басым дақылдардың атауы |
1 | Алынып тасталды – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). |
2 | Дәндік жүгері |
3 | Күріш |
4 | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) |
5 | Мақта |
6 | Картоп |
7 | Көкөніс және бақша дақылдары |
8 | Жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) |
9 | Алынып тасталды – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). |
10 | Сүрлемдік жүгері |
11 | Қорғалған топырақта өсірілген көкөністер |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "12" маусым № 167 қаулысына 2-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
(1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)
Ескерту. 2 – қосымшаға өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).р/с № | Басым дақылдардың атауы | 1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге | 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге |
1 | Алынып тасталды – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
2 | Дәндік жүгері | 25 000 | |
2.1 | оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген жүгері | 80 000 | |
3 | Күріш | 30 000 | |
4 | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | 4 000 | |
4.1 | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | | 4 000 |
5 | Мақта | 15 000 | |
5.1 | Мақта | | 6 000 |
5.2 | оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген мақта | 60 000 | |
6 | Картоп | 18 000 | |
7 | Көкөніс және бақша дақылдары | 18 000 | |
7.1 | оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген көкөніс және бақша дақылдары | 80 000 | |
8 | Жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) | 15 000 | |
9 | Алынып тасталды – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
10 | Сүрлемдік жүгері | 9 000 | |
11 | Жарықты өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) | 5 000 000 | |
11-1 | Жарықсыз өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) | 2 500 000 | |
12 | Фермерлік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) | 1 500 000 | |