1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 167 "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығын іске асыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3218 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Оңтүстік Қазақстан облысы басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі" деген 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 1 деген жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 4 деген жолда:
"Басым дақылдардың атауы" деген бағанындағы "майкене" деген сөз алынып тасталсын;
реттік нөмірі 9 деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының "Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)" деген 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 1 деген жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3 деген жолда:
"1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге" деген бағанындағы "25 000" деген сандар "30 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4 деген жолда;
"Басым дақылдардың атауы" деген бағанындағы "майкене" деген сөз алынып тасталсын;
"1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге" деген бағанындағы "3 000" деген сандар "4 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4.1 деген жолда:
"Басым дақылдардың атауы" деген бағанындағы "майкене" деген сөз алынып тасталсын;
"1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге" деген бағанындағы "3 000" деген сандар "4 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5 деген жолда:
"1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге" деген бағанындағы "11 000" деген сандар "15 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.1 деген жолда:
"1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге" деген бағанындағы "4 400" деген сандар "6 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9 деген жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 11 деген жолда:
"Басым дақылдардың атауы" деген бағанындағы "Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде" деген сөздердің алдына "Жарықты" сөзімен толықтырылсын;
"1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге" деген бағанындағы "3 000 000" деген сандар "5 000 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 11-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
" | 11-1 | Жарықсыз өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) | 2 500 000 | | ". |
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А. Сатыбалдыға жүктелсін.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Д.А.Сатыбалды | |
Е.А.Әлімқұлов | |
Ж.Қ.Бөкенбаев | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
С.Қ.Тұяқбаев | |
Р.Ж.Мүлкеманов | |
К.Н.Мендебаев |