Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 20.06.2017 № 164 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
Е.Айтаханов | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазан № 322 қаулысына қосымша |
"Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.elicense.kz, www.e.gov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген "Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағы.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызмет алушының өтініші негіздеме болады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды тіркеп, 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарап болған соң 30-минут ішінде құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкеріне жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері барлық қажетті құжаттарды тексеріп, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін рәсімдеп, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қол қоюына жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, кеңсеге жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ақпараттық жүйеден басып шығарып, 10-минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенім білдірілген уәкілетті тұлғаға табыстайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
1) Порталға кіру;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау:
3) электронды-цифрлы қолтаңбаны (бұдан әрі-ЭЦҚ) жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы авторлау, тіркелу;
4) "онлайн" мемлекеттік көрсетілетін қызметке тапсырыс беру;
5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес электронды түрде құжаттарды тіркеу;
6) шығыс құжатты тексерген соң қызмет алушы ЭЦҚ қоюы қажет. Қол қойған соң өтініш автоматты түрде қызмет берушіге түседі;
7) түскен өтінішті қызмет беруші тіркеген соң, қызмет алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы автоматты түрде өзгереді. Өтінішті тіркеген кезден бастап Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде қызмет беруші нәтижені беруі тиіс;
8) нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы "Қанағаттанарлыққа" ауысады. Кейін, көрсетілетін қызметті алушы нәтижені көшіре алады.
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы
Шартты белгілер:
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы | Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы | Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері |
Түскен құжаттарды тіркеп, 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды | Құжаттарды қарап болған соң 30-минут ішінде құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкеріне жолдайды | Барлық қажетті құжаттарды тексеріп, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін рәсімдеп, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қол қоюына жібереді | Жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, кеңсеге жібереді | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін, 10-минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға табыстайды |