"Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 299 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қарашада № 3408 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
5 қазандағы № 299 қаулысына
қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемеcі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Оңтүстік Қазақстан облысы, пошталық индексі 160032, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы № 10.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Оңтүстік Қазақстан облысында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауды ұйымдастыру, "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін және облыс әкімдігінің қаулыларын орындауды қамтамасыз ету;
      2) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлiгiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру.
      16. Функциялары:
      1) халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейiннен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсыну үшiн облыстық мәслихаттың қарауына енгiзу үшін облыс әкімдігіне материалдарды дайындау;
      2) ведомстволық бағынысты әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекiтуiне енгізу үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      3) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына келісім беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      5) елдi мекендердiң бекiтiлген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшiн әзiрленетiн қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекiту және iске асыру үшін ұсыныстарды әзірлеу;
      6) халқының есептiк саны бiр жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын жүргiзудi ұйымдастыру;
      7) облыстық мәслихат мақұлдаған халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгізу үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      8) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзу үшін облыс әкімдігіне материалдарды дайындау;
      9) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттiк органдарының жұмысына жәрдемдесу;
      10) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      11) "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызметті көрсету;
      12) "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызметті көрсету;
      13) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.03.2016 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өзiне жүктелген мiндеттерi мен функциялары шегiнде шешiмдер қабылдау;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен өз функцияларын жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу;
      3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардан келiп түскен мәселелердi қарау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы бағынысты мемлекеттiк коммуналдық қазыналық мекеменің жарғысын әзiрлеу;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы бағынысты мемлекеттiк коммуналдық қазыналық мекеменің қызметіне iшкi бақылау жасау.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiктерi:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерiнен босатады.
      3) сенiм хат бередi;
      4) заңнамалармен, облыс әкiмi мен әкiмдiгiмен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының "Сәулеттік бюро" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 5 октября 2015 года № 299. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 3 ноября 2015 года № 3408. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 136.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Южно–Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно- Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно–правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет–ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Сатыбалды Д.А.
      Аким области Б.Атамкулов
      Сатыбалды Д.
      Жилкишиев Б.
      Айтаханов Е.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.

  Приложение к постановлению
акимата Южно-Казахстанской
области от 5 октября 2015 года
№ 299

Положение государственного учреждения
"Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере архитектуры и градостроительства в Южно-Казахстанской области.
      2. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Южно-Казахстанская область, почтовый индекс160032, город Шымкент, Каратауский район, проспект Астана, № 10.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управлении архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области": реализация государственной политики в области архитектуры и градостроительства в Южно-Казахстанской области.
      15. Задачи:
      1) организация исполнения законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных исполнительных органов, обеспечение выполнения решений, распоряжений акима и постановлений акимата области, в вопросах относящихся к компетенции государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области";
      2) координация деятельности по реализации комплексной схемы градостроительного планирования территорий (проекта районной планировки области или ее части), утвержденных в установленном порядке генеральных планов населенных пунктов на территории области.
      16. Функции:
      1) подготовка материалов в акимат области для внесения на рассмотрение областного маслихата проекта генерального плана города областного значения с расчетной численностью населения свыше ста тысяч жителей для последующего предоставления в Правительство Республики Казахстан на утверждение;
      2) внесение предложений в акимат области для представления на утверждение областному маслихату комплексных схем градостроительного планирования территорий подведомственных административно-территориальных единиц (проектов районной планировки), а также проектов генеральных планов развития городов областного значения с расчетной численностью населения до ста тысяч жителей, одобренных городскими маслихатами;
      3) организация работ по согласованию проектов генеральных планов городов областного значения;
      4) информирование населения о планируемой застройке территорий либо иных градостроительных изменениях;
      5) разработка предложений по утверждению и реализации градостроительных проектов (проектов детальной планировки, проектов застройки), разрабатываемых для развития утвержденных генеральных планов (комплексной схемы градостроительного планирования, проектов планировки) населенных пунктов;
      6) организация проведения комплексной градостроительной экспертизы проектов генеральных планов городов областного значения с расчетной численностью населения до ста тысяч жителей;
      7) организация разработки и внесение предложений в акимат области для представления в Правительство Республики Казахстан на утверждение генеральных планов городов областного значения с расчетной численностью населения свыше ста тысяч жителей, одобренных областным маслихатом;
      8) подготовка материалов в акимат области для внесения на рассмотрение областного маслихата предложений, обусловленных градообразующими факторами, по установлению и изменению границ подведомственных административно-территориальных единиц в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      9) оказание содействия в работе государственных органов архитектурно-строительного контроля и надзора на территории области;
      10) организация работ по представлению в установленном порядке информации и (или) сведений для внесения в базу данных государственного градостроительного кадастра;
      11) оказание государственной услуги "Выдача решения о строительстве культовых здании (сооружении), определение их месторасположения";
      12) оказание государственной услуги "Выдача решения о перепрофилировании (изменении функционального назначения) здании (сооружении) в культовые здания (сооружения);
      13) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 01.03.2016 № 49 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      17. Права и обязанности:
      1) принимает решения в пределах возложенных на него задач и функций;
      2) в установленном законодательством порядке запрашивает и получает от государственных органов, организаций и физических и юридических лиц документы и информацию необходимую для выполнения своих функции, а также представляет информацию другим государственным органам;
      3) рассматривает в пределах своей компетенции вопросы, поступающие от юридических и физических лиц;
      4) разрабатывает в установленном законодательством Республики Казахстан порядке устав государственного коммунального казенного предприятия, находящегося в ведении государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области";
      5) осуществляет внутренний контроль за деятельностью государственного коммунального казенного предприятия, находящегося в ведении государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области".

3. Организация деятельности государственного органа.

      18. Руководство государственным учреждением "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Южно-Казахстанской области.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области":
      1) издает в соответствии с действующим законодательством приказы, обязательные для работников государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" и подведомственных организаций;
      2) назначает и освобождает от должностей сотрудников государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области", а также руководителей и заместителей руководителей подведомственных организаций;
      3) выдает доверенность;
      4) осуществление иных функции, возложенных на него законодательством, акиматом и акимом области.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций,
находящихся в ведении государственного учреждения "Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области"

      1. Коммунальное государственное учреждение "Архитектурное бюро" управления архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области.