"Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 66 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 қазанда № 3353 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 808 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнің аппарат басшысы Р.Аюповқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 66 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы әкімдігінің және әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
      3. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тауке-хан даңғылы 6, индекс 160011.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қала әкімнің және әкімдігінің қызметін қамтамасыз етеді.
      15. Міндеттері: Шымкент қаласының әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      Мына:
      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда;
      2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзу;
      3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзу;
      4) қалалық мәслихатқа "Қаланың құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізу;
      5) заңмен белгіленген тәртіппен лауазымды адамдарды қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдау;
      7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      8) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде айқындау;
      9) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсету және жәрдемдесу;
      10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;
      11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиісті мәслихаттың бекiтуiне енгiзу;
      12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсыну;
      13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіру;
      15) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асыру.
      16) жергілікті бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету;
      17) жергілікті бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс ету;
      18) қаланың тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы қалалық мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдау;
      19) бюджеттік комиссиясын құру, ол туралы ережені бекіту және оның құрамын айқындау.
      20) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда қаланың тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiту;
      21) қаланы дамыту бағдарламасын әзірлеу және мәслихаттың бекiтуiне ұсыну, оның орындалуын қамтамасыз ету;
      22) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
      23) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
      24) заң актілеріне сәйкес қаланың коммуналдық меншігін басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      25) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
      26) қала аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
      27) осы қаланың аумағында құрылыс салудың бас жоспарларын әзірлеу және оларды қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну, қаланың коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болу, қалаішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат беру;
      28) қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
      29) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
      30) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      31) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
      32) қалалық жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастыру;
      33) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастыру;
      34) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      35) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
      36) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асыру;
      37) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;
      38) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастыру;
      39) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      40) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;
      41) халықты әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерін шешу, халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына атаулы көмек көрсету, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
      42) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқару;
      44) қала аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзу;
      45) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешу;
      46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құру;
      47) тиісті аумақта ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмінділер) салуды және ұстауды ұйымдастыру, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      48) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асыру;
      49) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құру, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілеу;
      50) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының жергілікті бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келісу;
      51) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
      52) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ қала аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
      53) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      54) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;
      55) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру мәселелері бойынша қала әкімінің және әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, қаладағы аудан әкімдерінен қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға, сондай-ақ оларға өз құзіреті шегінде орындалуға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуына талдау жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға, себептері мен орындалмау жағдайларын анықтауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер жиынтығын пайдалануға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникациялар жүйелерін пайдалануға;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен қала әкімдігі мен әкімі қарайтын мәселелерді дайындауға және шешуге қатысуға аппараттың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін тартуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшысы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шымкент қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты болады;
      2) дара басшылық принциптерінде іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген өз құзыретіне сәйкес "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелерін дербес шешеді;
      3) "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;
      4) барлық органдар мен ұйымдарда "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      5) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкіне билік етеді;
      6) бұйрықтар шығарады және "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқаулар береді;
      7) қала әкіміне қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларының жобаларын және материалдар ұсынады;
      8) "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже жобасын әзірлейді және оны қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      9) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге басшылық жасайды;
      10) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыстық және қалалық әкімдіктердің қаулыларын орындау жөнінен "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдердің жұмысын үйлестіреді қадағалайды, осылардың орындалуы бойынша шаралар қабылдайды, нәтижесі бойынша қала әкімі атына ұсыныстар енгізеді;
      11) қала әкіміне "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін сыйақыландыру, тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар береді;
      12) сенімхаттар береді;
      13) өз құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      14) қала әкімдігіне түскен, қала әкімі мен оның орынбасарларына берілген барлық тапсырмалардың орындалуын қадағалайды, ол туралы қала әкіміне баяндайды;
      15) "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде келісім-шарт негізінде жұмыс атқаратын қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен босатуды ресімдеу, еңбек шартын бұзу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, жыл сайынғы еңбек демалысына жіберу мен демалыстан шақырып, алу бойынша бұйрықтар қабылдайды;
      16) оған заңнамамен, қала әкімімен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент"

Постановление акимата города Шымкент Южно-Казахстанской области от 14 сентября 2015 года № 66. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 7 октября 2015 года № 3353. Утратило силу постановлением акимата города Шымкент Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 808

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Шымкент Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 808.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат города Шымкент ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить положение государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Шымкент Аюпова Р.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Г.Абдрахимов

  Утверждено постановлением
акимата города Шымкент
от 14 сентября 2015 года
№ 66

Положение о государственном учреждении
"Аппарат акима города Шымкент"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере осуществления информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акима и акимата города Шымкент.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" не имеет ведомства.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Аль-Фарабийский район, проспект Тауке-хана 6, индекс 160011,
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат акима города Шымкент" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент".
      Если государственному учреждению "Аппарат акима города Шымкент" законодательными актами предоставлено право, осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      14. Миссия: Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" обеспечивает деятельность акима и акимата города.
      15. Задачи: Информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима и акимата города Шымкент.
      16. Функции:
      Обеспечение деятельности акима и акимата города по вопросам:
      1) взаимодействия с государственными органами, организациями и гражданами;
      2) внесения акиму области представления о деятельности территориального подразделения центрального государственного органа в части исполнения им Конституции, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан;
      3) внесения представления акиму области о награждении государственными наградами, присвоении почетных и иных званий соответствующим лицам;
      4) внесения в городской маслихат представления на присвоение звания "Почетный гражданин города";
      5) назначения на должность и освобождения от должности должностных лиц в установленоом законом порядке;
      6) принятия мер по защите прав и свобод граждан;
      7) взаимодействия с органами местного самоуправления;
      8) определения исполнительного органа, финансируемый из местного бюджета, в качестве уполномоченного органа для ведения реестра непрофессиональных медиаторов;
      9) поддержке и оказания содействия в материально-техническом обеспечении дошкольных организаций, государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования (за исключением организаций образования в исправительных учреждениях уголовно-исполнительной системы), учреждений социально-культурной сферы;
      10) содействия сбора налогов и других обязательных платежей в бюджет;
      11) внесения на утверждение соответствующего маслихата схемы управления административно-территориальной единицей, сформированные на основе базовых структур местного государственного управления, утверждаемых Правительством Республики Казахстан;
      12) представления персональных составов консультативно-совещательных органов по вопросам межведомственного характера на утверждение в маслихат;
      13) в пределах компетенции организации и обеспечения исполнения законодательства Республики Казахстан по вопросам о воинской обязанности и воинской службы, мобилизационной подготовки и мобилизации, в сфере гражданской защиты, а также регистрации актов гражданского состояния;
      14) координиции работы нижестоящих акимов по вопросам, входящим в их компетенцию, в том числе по созданию правовых, организационных условий для становления и развития местного самоуправления;
      15) осуществления контроля за деятельностью нижестоящих акимов;
      16) обеспечения исполнения местного бюджета;
      17) представления в соответствующий маслихат и ревизионную комиссию области годовой отчет об исполнении бюджета города;
      18) принятия постановления о реализации решения маслихата города о бюджете города на соответствующий финансовый год;
      19) образования бюджетной комиссии, утверждения положения о ней и определения ее состава.
      20) утверждению областного финансового плана города на первый квартал соответствующего финансового года в случаях, предусмотренных бюджетным законодательством Республики Казахстан;
      21) разработке и представлению на утверждение маслихата программу развития города, обеспечения ее исполнения;
      22) обеспечения включения мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности в программу развития города, а также осуществляет информационную деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;
      23) обеспечения проведения государственной политики в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;
      24) управления коммунальной собственностью города в соответствии с законодательными актами, осуществления меры по ее защите;
      25) содействию исполнению гражданами и организациями норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;
      26) созданию условий для развития предпринимательской деятельности и инвестиционного климата на территории города;
      27) разработке генеральных планов застройки на территории города, и представления их на утверждение в городской маслихат, выступлению заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов города коммунальной собственности и объектов социально-культурного назначения, даче разрешения на строительство внутригородских коммунальных сетей и сооружений;
      28) организации строительства и эксплуатации водопроводов, очистных сооружений, тепловых и электрических сетей и других объектов транспортной и инженерной инфраструктуры города;
      29) обеспечению организаций мероприятий по воинской приписке и призыву на воинскую службу, а также по вопросам гражданской обороны;
      30) организации перевозки пассажиров в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере транспорта;
      31) осуществлению регулирования земельных отношений в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан;
      32) организации строительства, эксплуатации и содержание дорог города;
      33) организации строительства жилья коммунального жилищного фонда и его распределения;
      34) организации сохранения коммунального жилищного фонда;
      35) проводении инвентаризации жилищного фонда;
      36) осуществления изъятия, в том числе путем выкупа, земельных участков для государственных надобностей;
      37) проведения мероприятия, направленных на поддержание сейсмоустойчивости жилых зданий, расположенных в сейсмоопасных регионах республики;
      38) организации сноса аварийного жилья;
      39) обеспечения жильем отдельных категорий граждан в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
      40) осуществления передачи в собственность граждан жилищ из коммунального жилищного фонда на условиях, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан, и в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;
      41) решении вопросов социальной защиты населения, охраны материнства и детства, оказывании адресной помощи социально уязвимым слоям населения, координации оказания им благотворительной помощи;
      42) обеспечения организации и осуществления социальной адаптации и реабилитации лиц, отбывших уголовное наказание;
      43) исполнении иных полномочий в сфере оказания социально-правовой помощи осужденным, состоящим на учете службы пробации в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      44) внесении предложения об объявлении охраняемыми памятниками природы, истории и культуры находящиеся на территории города природных и иных объектов, представляющих экологическую, историческую, культурную или научную ценность;
      45) решении вопросов благоустройства и внешнего оформления общественных мест;
      46) образовании консультативно-совещательных органов по вопросам межведомственного характера с привлечением представителей Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан по вопросам, затрагивающим интересы субъектов частного предпринимательства, согласно законодательству Республики Казахстан;
      47) организации проведения ветеринарных мероприятий на соответствующей территории, строительства и содержания специальных хранилищ (могильников), используемых в животноводстве, а также осуществлении организации санитарного убоя больных животных;
      48) осуществлению реализаций гражданами прав на бесплатное начальное, основное среднее и общее среднее образование;
      49) создании в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, государственных учреждений и государственных предприятий, устанавлении лимит штатной численности исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета в пределах лимита штатной численности, доведенного акиматом области и нормативов, установленных Правительством Республики Казахстан;
      50) согласовании решения органа государственных доходов по месту регистрационного учета налогоплательщика об изменении сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов, поступающих в полном объеме в местный бюджет;
      51) организации деятельности по профилактике терроризма, а также минимизации и (или) ликвидации последствий терроризма на территории города через антитеррористические комиссии;
      52) участия в профилактике чрезвычайных ситуаций социального характера, а также минимизации и (или) ликвидации их последствий на территории города;
      53) организации работы по развитию физической культуры и спорта;
      54) создании инфраструктуры для занятий спортом физических лиц по месту жительства и в местах их массового отдыха;
      55) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий возлогаемые законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов, акимов районов города необходимую информацию, а также давать им в пределах своей компетенции обязательные к исполнению поручения;
      2) проводить анализ исполнения актов и поручений Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, акима области, решений, распоряжений и поручений акима города, его заместителей, принимать меры по устранению выявленных нарушений законодательства, причин и условий их неисполнения;
      3) в установленном законодательством порядке пользоваться информационными банками данных, имеющихся в распоряжении государственных органов;
      4) в установленном законодательством порядке использовать государственные транспортные средства, системы связи и коммуникаций;
      5) в установленном законодательством порядке привлекать работников аппарата, исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, представителей предприятий и организаций к участию в подготовке и решению вопрсов, рассматриваемых акиматом и акимом города.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" осуществляется руководителем государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент", который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Шымкент, в соответствии с действующим законодательством.
      20. Полномочия руководителя государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент":
      1) организует и руководит работой государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент", несет ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" задач и осуществления им своих функций;
      2) действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;
      3) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент";
      4) представляет интересы государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" во всех органах и организациях;
      5) в случаях и пределах, установленных законодательством распоряжается имуществом государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент";
      6) издает приказы и дает указания, обязательные для исполнения работниками государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент";
      7) представляет акиму города проекты решения и распоряжения акима, постановления акимата города и материалы;
      8) разрабатывает проект положения о государственном учреждении "Аппарат акима города Шымкент" и вносит их на утверждение акимата города;
      9) осуществляет руководство разработкой квалификационных требований к административным государственным должностям;
      10) координирует и контролирует работу структурных подразделений государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" по исполнению актов Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, постановлений областного, городского акиматов, решений и распоряжений акимов области и города, принимает меры по по их исполнению, по результатам дает представление на имя акима города;
      11) вносит акиму города предложения по премированию, наложению дисциплинарных взысканий на работников государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент";
      12) выдает доверенности;
      13) подписывает служебную документацию в переделах своей компетенции;
      14) осуществляет контроль над исполнением всех поручений, поступивших в акимат города, акиму города и заместителям акима города, и докладывает о проделанной работе акиму города;
      15) издает приказы о приеме на работу, об увольнении, о расторжении трудового договора, о привлечении к дисциплинарной ответственности, о предоставлении отпуска, либо отзыва из отпуска работников государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент", работающих по трудовому договору;
      16) осуществляет иные функции возложенные на него законодательством, акимом города и настоящим Положением.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Аппарат государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" возглавляется руководителем аппарата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима города Шымкент" относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Аппарат акима города Шымкент" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима города Шымкент" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.