"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 15) тармақшасына, 8 бабының 2-тармағының 7) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" "Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 30 маусымдағы № 47/360-5с "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемелкеттік тіркеу тізілімінде № 3302 тіркелген, 2015 жылғы 7 тамыздағы "Шымкент келбеті" № 32 газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 6, индекс 160011.".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Е.Хван |
Қалалық мәслихат хатшысы | Н.Бекназаров |