"Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 47/360-5с шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/393-5c шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қазанда № 3383 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 3/36-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 14.06.2016 № 3/36-6с шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 15) тармақшасына, 8 бабының 2-тармағының 7) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" "Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шымкент қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 30 маусымдағы № 47/360-5с "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемелкеттік тіркеу тізілімінде № 3302 тіркелген, 2015 жылғы 7 тамыздағы "Шымкент келбеті" № 32 газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 6, индекс 160011.".
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Е.Хван
      Қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады