"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 2600 "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2928 болып тіркелген, 2014 жылы 26 желтоқсанда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғ.Құрманбайға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әбдірахымов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген |
"Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығын дамыту бағытында және халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Шымкент қаласының ауыл шарушылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы № 6 үй, индекс 160018.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.15. Міндеттері:
"Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауыл шаруашылығын дамыту және халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау.
16. Функциялары:
1) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген қағидалары мен ережелеріне сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінжергілікті бюджеттен субсидиялауға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;
2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
3) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну үшін қала әкімдігіне енгізу;
4) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына есептілік ұсыну үшін қала әкімдігіне енгізу;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
10) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізеді;
11) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
12) қала аумағын жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
13) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
14) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
15) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу туралы қағидаларын әзірлеп, бекiту үшін қала әкімдігіне ұсыну;
16) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
17) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
18) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
19) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
20) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
21) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
22) қала аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша қала әкімдігінің қаулысына сәйкес карантинді немесе шектеу iс-шараларын ұйымдастыру;
23) қала аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша қала әкімдігінің қаулысына сәйкес шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтатуды ұйымдастыру;
24) қала әкімдігіне бекіту үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін ұсыну;
25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
26) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
27) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
28)ішкі сауда объектілерінде Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
29)мал қорымдары (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
30) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
31) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;
32) қала аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
33) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
34) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірделендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
35) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындап, қала әкімдігіне ақпарат беру;
36) ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық есепке алып, қала бойынша жинақталған ақпаратты облыстың жергілікті атқарушы органына жолдау үшін қала әкімдігіне мәлімет беру;
37) қала әкімдігіне жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде қала әкімдігіне ұсыныс енгізу;
38) облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларына тізбесі туралы мәліметті қала әкімдігіне беру;
39) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
40) қала әкімдігіне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігі аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныс енгізу;
41) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
42) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, қала әкімдігінің отырыстарына қатысады;
2) "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
3) "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шымкент қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) Заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
"Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.