"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 2-26-3/613 хатына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 26/156-V "Арыс қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2620 тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Арыс қалалық мәслихатының регламентінде:
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны қалалық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Қ.Баймурзаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Т.Тулбасиев |