Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/229-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 сәуірде № 3147 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 28/153-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 19.03.2018 № 28/153-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Түркістан қаласының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Ибрагимов
      Қалалық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы М.Ибраим

  Түркістан қалалық мәслихатының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 40/229-V шешіміне қосымша

Қызметін Түркістан қаласының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың айлық мөлшерлемесі (АЕК)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


О единых ставках фиксированного налога

Решение Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 27 марта 2015 года № 40/229-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 20 апреля 2015 года № 3147. Утратило силу решением Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 19 марта 2018 года № 28/153-VI

      Сноска. Утратило силу решением Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 19.03.2018 № 28/153-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 422 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить единые ставки фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Туркестан согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата А.Ибрагимов
      Исполняющий обязанности
      секретаря городского маслихата М.Ибраим

  Приложение к решению
Туркестанского городского маслихата
от 27 марта 2015 года
№ 40/229-V

Единые ставки фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Туркестан

Наименование объекта налогообложения

Месячная ставка фиксированного налога (МРП)

1

Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с одним игроком

5

2

Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с участием более одного игрока

3

3

Персональный компьютер, используемый для проведения игры

1

4

Игровая дорожка

5

5

Карт

2

6

Бильярдный стол

3