Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 19.03.2018 № 28/153-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Түркістан қаласының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А.Ибрагимов |
Қалалық мәслихат | |
хатшысының міндетін атқарушы | М.Ибраим |
Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/229-V шешіміне қосымша |
Қызметін Түркістан қаласының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың айлық мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |