"Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығының 27-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 тіркелген), Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Б" корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Түркістан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.М.Хандиллаевқа жүктелсін.
Қала әкімі | Ә.Ш.Өсербаев |
Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 704 қаулысымен бекітілген |
"Б" корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Түркістан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Б" корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Түркістан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (әрі қарай - Әдістеме) "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және "Б" корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Түркістан қаласы (бұдан әрі - қала) әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшылары мен ауылдық округтер әкімдері үшін бағалау қала әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарымен өткізіледі.
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қала әкімі құрады.
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия төрағасы болып қала әкімі аппаратының басшысы табылады.
Комиссия хатшысы қала әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесінің (бұдан әрі - персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер, Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
2. Бағалау жүргізуге дайындық
11. Персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.Персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
3. Тікелей басшының бағалауы
12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесіне қайтарады.Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесінің қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
4. Айналмалы бағалау
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесіне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару жөніндегі бөліміне жіберіледі.
16. Персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
18. Персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:a = b + c
a – қызметшінің қорытынды бағасы,
b – тікелей басшының бағасы,
c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
33 балдан жоғары – "тиімді".
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
20. Персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.Персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
толтырылған айналмалы бағалау парағын;
қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
22. Персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесінің қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару жөніндегі /кадр қызметі/ бөлімшесінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________________Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________________
"Б" корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Түркістан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша |
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):_______________Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________
"Б" корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Түркістан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша |
Бағалау жөніндегі Комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)
№ р/р | Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Тікелей басшының бағасы | Айналмалы баға | Қорытынды баға |
1 | | | | |
... | | | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: ______________________Күні: _____________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:_______________________Күні: ____________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: ________________________Күні: ____________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)