Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 42-258-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3156 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 7 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының 13.01.2016 № 7 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4-тармағына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген және аудан әкімінің мәлiмдемесiне сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                      Е.Ералиев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы:                                   О.Дәндібаев

О предоставлении в 2015 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Мактааральского района

Решение Мактааральского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 31 марта 2015 года № 42-258-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 24 апреля 2015 года № 3156. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата Мактааральского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 13 января 2016 года № 7)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата Мактааральского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 13.01.2016 № 7).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года «Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», пунктом 4 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72, зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9946 и заявлением акима района, Мактааральский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. С учетом потребности в специалистах в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывших для работы и проживания в сельские населенные пункты Мактааральского района предоставить в 2015 году подъемное пособие и бюджетный кредит на приобретение или строительство жилья.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      

      Председатель сессии
      районного маслихата:                       Е. Ералиев      

      Секретарь районного
      маслихата:                                 О. Дандибаев