«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 30/16 «Ордабасы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2605 тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі «Ордабасы оттары» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ордабасы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы».
шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ордабасы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы О.Сейдахметов
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Садвахасов