"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы шығыс № 2-26-3/613 санды хатына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 24/145-V "Отырар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2645 тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырдағы "Отырар алқабы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Отырар аудандық мәслихатының регламентінде:
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Н.Жусипбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б.Зулпыхаров |