Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімінің 30.11.2015 № 22 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Сайрам ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Сайрам ауданының Құтарыс ауылдық округінің Құтарыс ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі У.Қайназаров