«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабына сәйкес Сайрам ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам ауданы әкімінің 26 наурыз 2015 жылғы № 10 «Сайрам ауданының Құтарыс ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3094 тіркелген, 3 сәуір 2015 жылы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешімінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
Аудан әкімі В.Кайназаров