"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 01-04/69 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарамұрт ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарамұрт ауыл округі Қарамұрт ауылының Ш.Мирзалиев көшесінде тұратын азамат У.Хамутовтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты Қарамұрт ауылының Ш.Мирзалиев көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарамұрт ауылдық | |
округінің әкімі | А.Мамадабаев |