Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің 08.10.2015 № 76 шешімімен.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сарыағаш ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 5 тамыздағы № 02-17/206 (02-16) ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құркелес ауылдық округі, Еңкес ауылы, Ш.Қалдаяқов көшесі № 14 мекен жайдағы үйде тұратын И.Сапаровтың иті «құтырық» ауруымен ауруына байланысты Ш.Қалдаяқов көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Құркелес ауылдық округі әкімінің орынбасары Х.Байболаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құркелес ауылдық
округінің әкімі А.Рахимбердиев