Құркелес ауылдық округі Еңкес ауылының Ш.Қалдаяқов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 62 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 тамызда № 3327 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 қазандағы № 76 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің 08.10.2015 № 76 шешімімен.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сарыағаш ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 5 тамыздағы № 02-17/206 (02-16) ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Құркелес ауылдық округі, Еңкес ауылы, Ш.Қалдаяқов көшесі № 14 мекен жайдағы үйде тұратын И.Сапаровтың иті «құтырық» ауруымен ауруына байланысты Ш.Қалдаяқов көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Құркелес ауылдық округі әкімінің орынбасары Х.Байболаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Құркелес ауылдық
      округінің әкімі                            А.Рахимбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады