Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданы Шолаққорған ауылы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталуының қоса беріліп отырған нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
кезекті ХL сессиясының | |
төрағасы | А.Өмірбеков |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | М.Исаев |
Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 243 шешімімен бекітілген |
Созақ ауданы Шолаққорған ауылы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық жинақталу нормасы | |
м3 | кг | |||
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 3,76 | 810,3 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,792 | 112,42 |
3 | Қонақ үйлер, санаторилер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,60 | 92,71 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,30 | 49,14 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 | 23,736 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,184 | 40,656 |
7 | Ауруханалар, санаторилер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек- орын | 0,73 | 154,76 |
8 | Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,029 | 5,9 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 тағам | 1,058 | 118,6 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,06 | 6,36 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,003 | 0,19 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,08 | 8,614 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | - | - |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,927 | 121,5 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | - | - |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,752 | 23,72 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,031 | 6,48 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - | - |
19 | Өнеркәсіптік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - | - |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | - | - |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - | - |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - | - |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,365 | 33,6 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 2,117 | 252,2 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,93 | 219,3 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - | - |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 3,225 | 216,7 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,126 | 16,2 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,25 | 23,62 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | - | - |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 | 6,55 |
32 | Ауылдың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | - | - |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - | - |