РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124, 164-баптарына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қoca берiлiп отырған "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "19" наурыздағы № 67 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - облыс әкімінің аппараты) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Облыс әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Облыс әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Облыс әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Облыс әкімінің аппараты мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Облыс әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімінің аппараты басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Облыс әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.
8. Облыс әкімі аппаратының орналасқан жері: индекс 070019, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже облыс әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Облыс әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Облыс әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен облыс әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер облыс әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалы, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтуды қамтамасыз етеді.14. Міндеттері:
1) облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппарат басшысы мен оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігі қойған тапсырмаларды іске асыру бойынша заңнамада белгіленген құзыреті шегінде облыстың мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру болып табылады.
15. Функциялары:
1) облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету:
Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орталық атқарушы органдар басшылары, облыс әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы берген тапсырмаларды орындау бойынша ақпараттық, анықтамалық және талдамалық материалдар әзірлеу;
мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімінің аппарат басшысына облысты дамыту мәселелері жөнінде талдамалық және ақпараттық материалдар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
облыстың жергілікті атқарушы органдарының норма шығармашылық қызметінің талдауын, облыс әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау және мониторинг жүргізу;
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сайтын ақпараттық толтыру және жұмысын ұйымдастыру;
2) облыс әкімінің қызметін ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету:
облыс әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін жылдық мәселелер тізбесін әзірлеу, күн тәртібін жасау, облыс әкімдігінің мәжілістеріне материалдар әзірлеу, облыс әкімдігі мәжілістерінің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу және тарату, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін шығару, оларды тарату және сақтау;
облыс әкімі, оның орынбасарлары өткізетін кеңестердің өткізілуін ұйымдастыру, кеңестердің хаттамаларын әзірлеу;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппарат басшысының ресми қабылдауларын, кездесулерін дайындау және ұйымдастыру;
іс қағаздарын, соның ішінде құпия іс қағаздарын, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесін құру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыс әкімі аппарат басшысының азаматтарды қабылдауының тоқсандық кестесін әзірлеу және қабылдауды ұйымдастыру;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппарат басшысының атына келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;
кадрлардың Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқуын ұйымдастыру;
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік наградалар бойынша қызметін ұйымдастыру;
облыс әкімі және әкімдігінің актілерін, құжаттамаларды және облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімдігінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, облыс, қалалар және аудандардың атқарушы органдары, сот, құқық қорғау органдарымен хат алмасуларын тіркеу, сақтау және мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;
облыс әкімі және әкімдігінің құқық қорғау органдарымен қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, адам саудасына қарсы күрес, экстремизмге қарсы іс-қимыл және облыс аумағында қоғамдық тәртіпті ұйымдастырудың өзге де мәселелері бойынша өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;
жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарын дамыту және сүйемелдеу;
"электрондық үкімет" қалыптастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасын орындау аясында жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету;
облыс әкімінің төмен тұрған әкімдер мен облыстық басқармалардың қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
3) облыс әкімінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету:
сот және өзге де құқық қорғау органдарында облыс әкімінің және әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының мүддесін білдіру және қорғау;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппараты басшысының тапсырмалары бойынша облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеу;
облыс әкімінің аппаратына келісімдеуге келіп түскен облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларының сараптамасын ұйымдастыру;
4) облыс әкімінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
облыс әкімінің, әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының қызметін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
Облыс әкімінің аппараты қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
облыс әкімінің аппараты:
өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер банкін пайдалануға;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуді ұйымдастыруға және қатысуға;
мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органдары құрамына кіретін мемлекеттік органдарда тексеру жүргізуге;
облыс әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппарат басшысының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
облыс әкімінің аппараты:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Облыс әкімінің аппаратында басшылықты облыс әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.18 Облыс әкімінің аппарат басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Облыс әкімінің аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Облыс әкімінің аппарат басшысының өкілеттігі:
1) заңнамаға сәйкес облыс әкімінің аппараты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіпте облыс әкімінің аппараты қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
3) облыс әкімі аппаратының бұйрықтарына қол қояды;
4) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, облыс әкімінің аппараты қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда облыс әкімі аппаратының атынан шығады, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда облыс әкімі аппаратының мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
6) облыс әкімі аппаратының жұмысын ИСО 9001:2000 сапа менеджементі жүйесіне сәйкес қамтамасыз етеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдауға міндетті және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
8) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
9) облыс әкімі аппаратының барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
10) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әкім аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Облыс әкімі аппаратында заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Облыс әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Облыс әкімінің аппаратына бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
24. Облыс әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Облыс әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Облыс әкімінің аппараты қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі облыс әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің істер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.