Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 65 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3913 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 275 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 31.08.2016 № 275 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 26-бабы 4-тармағына, 27-бабы 2-тармағына, "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "19" наурыздағы
№ 65 қаулысымен бекітілген

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы биліктiң жалпымемлекеттiк саясатын Шығыс Қазақстан облысын дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгімен үйлестіре жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      2. Әкiм әкімдік құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
      Әкiм әкімдік мүшелерiнiң санын айқындайды.
      Әкiм әкімдіктің дербес құрамын айқындайды және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
      3. Әкiмдік қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледi.
      4. Әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады.
      5. Әкiмдік ісқағаздарын жүргiзу және әкімдікке түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң нормативтiк құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзiрленетiн әрі Шығыс Қазақстан облысы әкiмi (бұдан әрi - әкiм) бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
      7. Әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімдіктің және әкiмнiң қарауына енгiзiлетiн актілер жобалары өтуiнiң осы Регламентпен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Жұмысты жоспарлау

      8. Аппарат әкімдік мүшелерiнiң және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар) басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдік мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердiң жыл сайынғы және тоқсан сайынғы тiзбесiн жасайды.
      Әкiмдіктің мәжiлiстерiнде қарауға жоспарланатын мәселелердiң тiзбесiн әкiм бекiтедi.
      Бекiтiлген тiзбе әкiмдік мүшелерiне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда атқарушы органдардың басшыларына, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың әкiмдерiне және басқа да лауазымды адамдарға таратылады.
      Әкiм тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде тiзбеден жоспарланған мәселенi алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.

3. Әкiмдік мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi

      9. Әкiмдік мәжiлiстерi айына кемінде бiр рет өткiзiледi және оны әкiм шақырады.
      Әкімдік мәжілісі айдың үшінші аптасында сәрсенбі күні өткізіледі. Облыс әкімінің тапсырмасымен әкімдік мәжілісі өтетін күн басқа күнге ауыстырылуы мүмкін.
      10. Әкiмдік мәжiлiстерiнде әкiм, ал ол болмаған кезде - әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.
      11. Әкiмдік мәжiлiстерi әдетте, ашық болады және мемлекеттiк тілде және (немесе) орыс тiлiнде жүргiзiледi.
      Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжiлiстерде қаралуы мүмкiн.
      12. Әкiмдік мәжiлiсі егер оған әкiмдік мүшелерiнiң кемінде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi.
      Әкiмдіктің мәжiлiсiнде мәселенi қарау нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады.
      Қаулы әкiмдіктің қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      13. Әкiмдіктің мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдері, сондай-ақ әкім бекіткен тізім бойынша кеңесші дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
      14. Аппараттың және атқарушы органдардың әкiмдік мәжiлiстерiнде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
      әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрi - бiрiншi басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;
      жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екі жол арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиiс;
      әрбiр мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бiрдей болуы тиiс;
      әкiмдіктің мәжiлiсiне енгiзiлетiн материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi;
      мәселе енгiзетiн мемлекеттік орган немесе аппараттың құрылымдық бөлiмшесi талқыланатын мәселелер бойынша мәжiлiске шақырылғандардың тiзiмiн айқындайды және нақтылайды. Аппарат шақырылғандардың келуiн қамтамасыз етедi.
      15. Аппарат мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келiсiлгеннен кейiн, оны және тиiстi материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжiлiске дейiнгi үш күнде әкiмдік мүшелерiне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады.
      Тиiстi атқарушы органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкiмге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
      Әкiмнiң тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкiмдік мәжiлiсiн өткiзген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн.
      16. Әкiмдік мәжiлiсiнде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердiң аты және мән-жайы, талқылау кезiндегi баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерiнiң негiзгi мазмұны, ескертулер және әкiмдік мүшелерi қабылдаған қаулы көрсетiледі. Әдетте, мәжiлiстiң стенографиясы жүргiзiледi, мәжiлiстерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздеріне жазылады.
      Әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдерді аппараттың тиісті бөлімі мәжіліс аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттамамен елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімдейді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.
      Әкiмдік мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға арналған реттiк нөмiрлер берiледi. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күнi әкiмдік мүшелерiне, ал қажет болған ретте, мәжiлiстерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жіберілім тiзбесiн аппарат басшысы бекiтедi.
      Әкiмдік мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады.
      Әкiмдік мәжiлiстерiнiң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа өткiзiледi.

4. Әкiмдік және әкiм актiлерiнiң жобаларын дайындау мен ресiмдеу тәртiбi

      17. Атқарушы органдар әкімдік тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:
      1) мәселенi шешу әкiмдіктің құзыретiне кiргенде;
      2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде;
      3) мәселенiң шешiлуi жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiрудi талап еткенде.
      18. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрi - жобалар) дайындауды Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
      Мүдделi мемлекеттік органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде ұсынылады.
      Жобаға "ескертулермен" келiсу болған кезде келіспеушіліктер туралы бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған, қажеттi түсiндiрмелер берілген анықтама тiркеледi.
      Жобаларды әзiрлеуге қатысушы мемлекеттік органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердiң мән-жайы құзыретiне кiретiн әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелері хаттамалармен ресімделеді.
      Келіспеушіліктер жойылған кезде тиiстi мемлекеттік орган белгiленген мерзiмде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келiсiмге қол жетпеген жағдайда, әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн әкімге не оны алмастыратын адамға ақпарат бередi.
      19. Жобалардың уақтылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмдікке белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тілдегі және орыс тiліндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалылығына оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапты болады.
      20. Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келісіледі:
      1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлік қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескеріле отырып, белгiленедi;
      2) қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен - жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша;
      3) экономика саласындағы тиісті атқарушы органмен - экономикалық орындылығы және ел мен аймақтың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестiгі мәселелерi бойынша.
      21. Жобаны әзiрлеушi жобаның көшiрмелерiн бiр мезгiлде барлық мүдделi атқарушы органдарға келісуге жiбередi.
      Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың түскен әрі тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
      Әкiм, әкiмнiң орынбасарлары және аппарат басшысы келiсудiң өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.
      Әкiмнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжiлiсте) қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды.
      Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгiлермен келiсуден бас тартуға тиiстi емес.
      22. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн әзiрлеушiге ұсынуы тиiс:
      1) жоба ескертулерсiз келiсiлді (жобада бұрыштама болады);
      2) жоба ескертулермен келiсiлді (жобада ескертулерiмен бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс);
      3) жобаға келiсуден бас тартылды (дәлелдi бас тарту қоса берiледi).
      23. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мүдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, түпкiлiктi нұсқаны дайындау процесінде әзiрлеушi өзі келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды.
      Жобаны әзiрлеушi жобаны аппаратқа енгiзу кезiнде мүддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерiн (мұндай факт болған жағдайда) түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде көрсетедi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу үшiн енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi.
      Қажет болған ретте, әкiмнiң, әкiм орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мүмкiн.
      24. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдіктің және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.
      Егер актiлердiң жобалары нормативтiк сипатта болса және (немесе) әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi қозғаса, әзiрлеушi түсiндiрме жазбада нақты мақсаттарды, күтiлiп отырған нәтижелердiң мерзiмдерін және енгiзiлiп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиiмдiлiгін көрсетуге мiндеттi. Бұл актiлердi әкiмдік немесе әкiм қабылдаған жағдайда, оларды іске асыру қорытындылары бойынша, әзiрлеушi, актілерде белгiленген мерзiмдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелері туралы қысқаша есеп тапсыруы тиiс.
      Жобаны әзiрлеушi - мемлекеттiк органның басшысы екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиiс.
      25. Жобаны әзiрлеушi жобада бiр мезгiлде әкiмдік қаулыларын және (немесе) әкiм шешiмдерi мен өкімдерiн қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнінде норма көздейдi және (немесе) нақты мерзiмдер белгiлей отырып, оларды сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейдi.
      26. Әзiрленген (пысықталған) жоба (оған тиiстi материалдармен бiрге) жоба бойынша сараптама жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн (бұдан әрi - сараптама) аппаратқа енгiзiледi.
      Аппаратта тiркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi.
      Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға құқылы.
      Жоба аппаратта тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi түпнұсқалылығы тексерiледi және сараптамадан өтедi. Жобаға сараптама жүргізу мерзiмi жобаның аппаратта тiркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
      Аппарат оның мәтiндерiнiң түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мынадай негiздер бойынша әзiрлеушiге пысықтауға қайтаруға құқылы:
      1) жоба мәтiндерiнiң мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегі мәтіндердің түпнұсқалы еместiгi;
      2) оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiндiгi;
      3) осы Регламенттiң талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.
      Басқа желеулер бойынша терiс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды.
      27. Жобаларды әкiмнiң орынбасарларында келiсу мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелерi хаттамамен ресiмделетiн кеңес шақырады.
      Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейiн аппарат басшысы ол бойынша шешiм қабылдау үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға баяндайды.
      28. Әкiмдіктің қаулыларына, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне әкім қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейiн олардың түпнұсқаларына түзетулер енгiзiлмейдi.
      29. Аппарат әкімдік қаулыларының, әкім шешiмдерi мен өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн тарату парағына сәйкес таратады.
      Әдiлет органдарында тiркелуге жататын әкiмдіктің және әкiмнiң актілері алушыларға тiркелгеннен кейiн таратылады.
      Әкiмдік қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары аппаратта сақталады.
      Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтiлетiн алушыларға таратылуы үшін жауапкершiлiк аппаратқа жүктеледi.
      30. Техникалық қателерi болған ретте әкiмдік қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиiс.
      31. Аппарат әкiмдік және әкiм қабылдаған актілердің есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi жүзеге асырады.
      32. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің заң нормалары бар актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге және міндетті ресми жариялануға жатады.
      33. Аппарат актілердi ресми жариялауға жiберудi жүзеге асырады.
      34. Мемлекеттiк құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкiмдік және әкiм қабылдаған нормативтiк құқықтық актілермен танысу үшiн мүдделi адамдарға рұқсат беру мiндеттi болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртiппен аппарат жүзеге асырады.

5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілерi мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртiбi

      35. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкiметiнің, Премьер-Министрiнің, облыс әкiмдігінің және әкiмінің актілерін орындауды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, осы Регламентке, әкім аппаратының регламентіне, және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      36. Заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің, әкiмнiң актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
      37. Заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапкершiлiк осылар орындауға жiберiлген атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
      38. Әкімдікте көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауға жауапты лауазымды адамдар:
      1) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы - Заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Yкiметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің, әкiмдіктің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
      2) облыс әкімі аппаратының басшысы - Заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Yкiметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің, әкiмдіктің, әкiмнің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмаларының орындалуына және атқарушылық тәртіптің сақталуына бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
      3) облыс әкімінің орынбасарлары - жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Yкiметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің, әкiмдіктің, әкiмнің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
      Аталған лауазымды адамдар аталған құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.
      39. Заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Yкіметінiң, Премьер-Министрінің, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау жөніндегі қызметтi қамтамасыз етуді аппарат облыс әкімі аппаратының регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
регламентіне қосымша

"______________________________________________________________" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жобасына түсіндірме хат

№ р/р
Түсіндірме хатта көрсетілетін мәліметтердің тізбесі
Әзірлеуші – мемлекеттік органның ақпараты
1.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
 
2.
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі
 
3.
Жобаны қабылдаған жағдайда күтілетін әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдары
 
4.
Жобаны жүзеге асырумен байланысты күтілетін қаржылай шығындар
 
5.
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаты, күтілетін нәтижелердің мерзімдері және болжамды тиімділігі
 
6.
Жобада қаралған мәселелер бойынша бұрын қабылданған облыс әкімдігінің және әкімінің актілері және оларды жүзеге асыру қорытындылары туралы мәліметтер
 
7.
Облыс әкімдігі мен әкімінің бұрын қабылданған актілерін кейін жобаға сәйкестендіру қажеттілігі
 
8.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда оның сараптамасын (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және т.б.) жүргізген жағдайда қосымша сараптама қорытындылары
 
9.
Басқа мәліметтер
 

      Мемлекеттік органның
      басшысы (қолы) (толық жазылуы)

Об утверждении регламента Восточно-Казахстанского областного акимата

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 19 марта 2015 года № 65. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 24 апреля 2015 года № 3913. Утратило силу - постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 31 августа 2016 года № 275

      Сноска. Утратило силу - постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 31.08.2016 № 275.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 4 статьи 26, пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года № 546 "Об утверждении Типовых регламентов акиматов области (города республиканского значения, столицы) и района (города областного значения)", Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент Восточно-Казахстанского областного акимата.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области Д. Ахметов

  Утвержден постановлением
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "19" марта 2015 года № 65

Регламент Восточно-Казахстанского областного акимата
1. Общие положения

      1. Восточно-Казахстанский областной акимат (далее - акимат) входит в единую систему исполнительных органов Республики Казахстан, обеспечивает проведение общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития Восточно-Казахстанской области.
      2. Состав акимата формируется акимом из заместителей акима, руководителя аппарата акима, первых руководителей исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета.
      Количество членов акимата определяется акимом.
      Персональный состав акимата определяется акимом и согласовывается решением сессии Восточно-Казахстанского областного маслихата.
      3. Деятельность акимата регулируется Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и настоящим Регламентом.
      4. Информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акимата осуществляет аппарат акима Восточно-Казахстанской области (далее - аппарат).
      5. Ведение делопроизводства акимата и обработка корреспонденции, поступающей в акимат, возлагается на аппарат и осуществляется в порядке, разрабатываемом в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", нормативных правовых актов Правительства Республики Казахстан и утверждаемом акимом Восточно-Казахстанской области (далее - аким).
      6. Исходящая корреспонденция в государственные органы (в том числе в формате электронного документа) оформляется на гербовом бланке на государственном языке (в случае необходимости прикладывается вариант на русском языке).
      7. Заместители акима и руководитель аппарата обеспечивают соблюдение установленного настоящим Регламентом порядка прохождения вносимых на рассмотрение акимата и акима проектов актов.

2. Планирование работы

      8. Ежегодный и ежеквартальный перечень вопросов для рассмотрения на заседаниях акимата составляется аппаратом по предложению членов акимата и руководителей исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета (далее - исполнительные органы).
      Перечень вопросов, планируемых к рассмотрению на заседаниях акимата, утверждается акимом.
      Утвержденный перечень рассылается членам акимата, а также, в случае необходимости, руководителям исполнительных органов, акимам городов областного значения, районов и другим должностным лицам.
      Решение об исключении запланированного вопроса из перечня или перенос его рассмотрения на другой срок принимается акимом на основании справки, представляемой первым руководителем соответствующего исполнительного органа либо руководителем аппарата.

3. Порядок подготовки и проведения заседаний акимата

      9. Заседания акимата проводятся не реже одного раза в месяц и созываются акимом.
      Днем проведения заседания акимата является среда третьей недели месяца. По поручению акима области день проведения заседания акимата может быть перенесен на другой день.
      10. На заседаниях акимата председательствует аким, а в его отсутствие - заместитель, исполняющий обязанности акима.
      11. Заседания акимата являются, как правило, открытыми и ведутся на государственном и (или) русском языках.
      При необходимости, отдельные вопросы могут рассматриваться на закрытых заседаниях.
      12. Заседание акимата считается правомочным, если в нем принимает участие не менее двух третей членов акимата.
      По результатам рассмотрения вопроса на заседании акимата принимается постановление.
      Постановления принимаются большинством голосов присутствующих членов акимата.
      13. На заседаниях акимата могут присутствовать депутаты Парламента Республики Казахстан, маслихатов, акимы районов, городов областного значения, а также с правом совещательного голоса руководители территориальных подразделений центральных исполнительных органов и иные должностные лица по утвержденному акимом списку.
      14. Подготовка аппаратом и исполнительными органами вопросов к рассмотрению на заседании акимата осуществляется с соблюдением следующих требований:
      справки, аналитические материалы, проекты постановлений, вносимые на заседание акимата, предварительно визируются первым руководителем органа, вносящего документ, либо лицом, его замещающим (далее - первый руководитель), подпись которого является подтверждением официальной позиции данного органа;
      проект и справка, как правило, не должны превышать 5 страниц текста, напечатанного через два интервала;
      проект и справка по каждому вопросу должны иметь идентичные заголовки;
      к материалам, вносимым на заседание акимата, прикладываются, при необходимости, дополнительные информационные сведения;
      определение и уточнение списка приглашенных на заседания по обсуждаемым вопросам осуществляется государственным органом или структурным подразделением аппарата, вносящим вопрос. Явку приглашенных обеспечивает аппарат.
      15. Аппарат составляет проект повестки дня заседания и после согласования с акимом либо лицом, его замещающим, рассылает его и соответствующие материалы членам акимата и приглашенным, а при необходимости и другим должностным лицам за три дня до заседания, согласно утвержденному руководителем аппарата указателю рассылки.
      В случае несвоевременного представления соответствующими исполнительными органами материалов, руководитель аппарата докладывает об этом акиму или лицу, его замещающему. Ответственность за несвоевременное представление материалов возлагается на первых руководителей соответствующих исполнительных органов.
      При проведении заседания акимата по поручению акима в экстренном порядке, материалы по рассматриваемым вопросам могут вноситься в аппарат в день его проведения.
      16. На заседании акимата ведется протокол, в котором указываются присутствующие должностные лица, названия и предмет обсуждаемых вопросов, докладчики и выступающие при обсуждении, основное содержание их выступлений, замечаний и принятые членами акимата постановления. Как правило, ведется стенограмма заседания, вопросы, рассматриваемые на заседаниях, записываются на электронные носители информации.
      Решения, принятые на заседании акимата, оформляются протоколом на гербовом бланке на государственном языке (в случае необходимости прикладывается вариант на русском языке) в трехдневный срок со дня завершения заседания соответствующим отделом аппарата, который визируется руководителем аппарата и подписывается председательствовавшим на заседании.
      Протоколам заседаний акимата присваиваются порядковые номера на календарный год. Протоколы или выписки из них в день их подписания рассылаются членам акимата, а при необходимости другим органам и должностным лицам, которым на заседаниях даны соответствующие поручения. Перечень рассылки утверждается руководителем аппарата.
      Протоколы заседаний акимата (подлинники), а также документы к ним хранятся в аппарате.
      Протоколы заседаний акимата и документы к ним по истечению сроков временного хранения сдаются в архив.

4. Порядок подготовки и оформления проектов актов акимата и акима

      17. Предложения в адрес акимата для принятия им соответствующего решения вносятся исполнительными органами в следующих случаях:
      1) когда решение вопроса входит в компетенцию акимата;
      2) при возникновении разногласий между местными исполнительными органами;
      3) когда решение вопроса требует координации деятельности местных исполнительных органов и территориальных подразделений центральных исполнительных органов.
      18. Подготовка проектов постановлений акимата, решений и распоряжений акима (далее - проекты) осуществляется аппаратом и исполнительными органами в соответствии с Законами Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" и настоящим Регламентом. 
      Проекты представляются на государственном и русском языках, согласованные с заинтересованными государственными органами, подписанные первыми руководителями или лицами, их замещающими.
      При наличии согласования "с замечаниями" к проекту прикладывается справка с необходимыми пояснениями о разногласиях, подписанная первым руководителем или лицом его замещающим.
      При возникновении разногласий между государственными органами, участвующими в разработке проектов, заместителем акима, в чью компетенцию входит предмет рассматриваемых вопросов, руководителем аппарата либо его заместителем могут созываться совещания, результаты которых оформляются протоколами.
      При устранении разногласий соответствующий государственный орган дорабатывает в установленный срок проект и представляет его на подписание. В случае недостижения согласия по обсуждаемому вопросу заместитель акима, руководитель аппарата информирует об этом акима либо лицо, его замещающее, для принятия окончательного решения.
      19. Персональную ответственность за своевременную, качественную разработку и представление проектов в акимат в установленные сроки, а также за аутентичность текстов проектов на государственном и русском языках несет первый руководитель государственного органа, осуществляющего его разработку.
      20. Проекты в обязательном порядке согласовываются:
      1) с заинтересованными, в силу их компетенции, исполнительными органами, при этом, такая заинтересованность в согласовании проекта устанавливается исходя из предмета рассматриваемых вопросов;
      2) с соответствующим исполнительным органом в области финансов - по вопросам финансовой целесообразности и обеспеченности проекта финансированием;
      3) с соответствующим исполнительным органом в области экономики - по вопросам экономической целесообразности и соответствия планам и программам экономического и социального развития страны и региона.
      21. Разработчик проекта одновременно направляет на согласование копии проекта всем заинтересованным исполнительным органам.
      Срок согласования в исполнительных органах при этом исчисляется одновременно и не должен превышать 3 рабочих дней с момента поступления и регистрации проектов.
      Аким, заместители акима и руководитель аппарата могут устанавливать иные сроки согласования.
      В целях более оперативного принятия решения по поручениям акима, заместителей акима, проект может быть завизирован руководителями исполнительных органов или должностными лицами (по должности не ниже заместителей руководителя) на совещании (заседании). При этом указанные должностные лица о произведенном ими визировании проекта докладывают первому руководителю соответствующего исполнительного органа.
      При получении копии проекта на согласование, исполнительные органы не должны требовать предварительного визирования проекта другими заинтересованными органами, а также отказывать в согласовании по другим формальным признакам.
      22. По итогам рассмотрения проекта согласующий орган должен представить разработчику за подписью первого руководителя либо лица, его замещающего, один из следующих вариантов ответа:
      1) проект согласован без замечаний (виза на проекте);
      2) проект согласован с замечаниями (виза на проекте с замечаниями, которые должны быть приложены);
      3) в согласовании проекта отказано (прилагается мотивированный отказ).
      23. По окончании сроков согласования разработчик проекта сводит все предложения (устраняет замечания) заинтересованных органов в окончательный вариант проекта. При этом, в процессе подготовки окончательного варианта разработчик в обязательном порядке устраняет замечания исполнительных органов, с которыми он согласился.
      Разработчик проекта при внесении проекта в аппарат в обязательном порядке указывает в пояснительной записке причины отсутствия визы органа, чьи интересы затрагиваются данным проектом (при наличии такого факта), при этом, к внесенным материалам прилагается копия документа, подтверждающего внесение его в соответствующий орган для согласования. В случае отсутствия такого подтверждения, проект может считаться не направленным в заинтересованный орган на согласование.
      При необходимости по указанию акима, заместителя акима или руководителя аппарата проект может быть направлен на дополнительное согласование.
      24. К проекту разработчиком в обязательном порядке прилагается пояснительная записка, согласно приложению к настоящему Регламенту, с обоснованием необходимости принятия данного проекта, социально-экономических последствий, в случае его принятия, предполагаемые финансовые затраты, связанные с его реализацией, а также сведения о том, какие акты акимата и акима ранее были приняты по данному вопросу, и как они выполнялись.
      Если проекты актов носят нормативный характер и/или затрагивают социально-экономические вопросы, разработчик в пояснительной записке обязан указать конкретные цели, сроки ожидаемых результатов и предполагаемую эффективность вносимых предложений. В случае принятия акиматом или акимом данных актов, разработчик, по итогам их реализации, должен представить краткий отчет о результатах их действия в соответствии с установленными в актах сроками.
      Проекты объемом более двух листов и приложения к проектам должны быть полистно парафированы руководителем государственного органа-разработчика проекта.
      25. Разработчик проекта одновременно в проекте предусматривает нормы по приведению постановлений акимата и/или решений и распоряжений акима в соответствие с принимаемым актом и/или предусматривает поручение о соответствующем их приведении с установлением конкретных сроков.
      26. Разработанный (доработанный) проект (с соответствующими материалами к нему) вносится в аппарат для проведения экспертизы и подготовки заключения (далее - экспертиза) по проекту.
      Перед регистрацией в аппарате проект проверяется на соответствие требованиям делопроизводства.
      При наличии замечаний о несоответствии проекта требованиям делопроизводства, аппарат до регистрации проекта вправе его возвратить разработчику.
      После регистрации проект в аппарате проверяется на аутентичность его текстов на государственном и русском языках и проходит экспертизу. Срок проведения экспертизы проекта не должен превышать 3 рабочих дней с даты регистрации проекта в аппарате.
      Аппарат в ходе проверки на аутентичность его текстов, проведения экспертизы или по ее результатам вправе возвратить проект разработчику на доработку по основаниям:
      1) неаутентичности текстов проекта на государственном и русском языках;
      2) несоответствия его законодательству Республики Казахстан;
      3) представления с нарушением требований настоящего Регламента.
      Отрицательное экспертное заключение по другим мотивам не может служить основанием для возврата проекта.
      27. Согласование проектов у заместителей акима осуществляется в соответствии с распределением обязанностей. В случае возникновения у них замечаний содержательного характера, заместители акима при необходимости созывают совещание, результаты которого оформляются протоколом.
      После прохождения экспертизы в аппарате проект докладывается руководителем аппарата акиму либо лицу, его замещающему, для принятия по нему решения.
      28. Постановления акимата, решения и распоряжения акима подписываются акимом. Исключается внесение исправлений в подлинники актов после их подписания.
      29. Заверенные копии постановлений акимата, решений и распоряжений акима рассылаются аппаратом в соответствии с листом рассылки.
      Акты акимата и акима, подлежащие регистрации в органах юстиции, рассылаются адресатам после регистрации.
      Подлинники постановлений акимата, решений и распоряжений акима хранятся в аппарате.
      Ответственность за своевременный выпуск и рассылку документов адресатам несет аппарат.
      30. Замена ранее разосланных экземпляров постановлений акимата, решений и распоряжений акима при технических ошибках может быть произведена только с разрешения руководителя аппарата. В этом случае, первоначально разосланные документы должны быть отозваны в аппарат.
      31. Учет, систематизация и ведение контрольных экземпляров принятых акиматом и акимом актов, внесение в них всех текущих изменений и дополнений осуществляется аппаратом.
      32. Акты акимата и (или) акима, содержащие норму права, подлежат государственной регистрации в органах юстиции и обязательному официальному опубликованию.
      33. Направление актов для официального опубликования осуществляется аппаратом.
      34. Предоставление доступа заинтересованным лицам для ознакомления с принятыми акиматом и акимом нормативными правовыми актами, кроме тех, которые содержат государственные секреты или охраняемую законом тайну, является обязательным и осуществляется аппаратом в порядке, определяемом руководителем аппарата.

5. Порядок организации выполнения законодательных актов, актов и поручений Президента, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан, акимата и акима

      35. Организация выполнения законодательных актов, актов Президента, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан, акимата и акима области осуществляется в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 27 апреля 2010 года № 976 "Об утверждении Правил подготовки, согласования и представления на рассмотрение Президенту Республики Казахстан проекта послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, подготовки, согласования и представления на подпись проектов актов и поручений Президента Республики Казахстан, реализации Послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, осуществления контроля за выполнением актов и поручений Президента Республики Казахстан и проведения мониторинга нормативных правовых указов Президента Республики Казахстан", настоящим Регламентом, регламентом аппарата акима области, и иным законодательством Республики Казахстан.
      36. На контроль берутся законодательные акты, акты и поручения Президента Республики Казахстан, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан, акимата, акима и иные поручения государственных органов и должностных лиц в пределах своей компетенции.
      37. Ответственность за своевременное и качественное выполнение законодательных актов, актов и поручений Президента Республики Казахстан, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан, акимата и акима возлагается на первых руководителей исполнительных органов, которым они направлены на выполнение.
      38. Должностные лица, ответственные за контроль выполнения указанных документов в акимате:
      1) первый руководитель исполнительного органа, финансируемого из областного бюджета осуществляет общее руководство и контроль за своевременным и качественным выполнением законодательных актов, актов и поручений Президента Республики Казахстан, Администрации Президента, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан, акимата, иных поручений государственных органов и должностных лиц в пределах своей компетенции;
      2) руководитель аппарата акима области организует контроль за выполнением законодательных актов, актов и поручений Президента Республики Казахстан, Администрации Президента, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан, акимата, акима, иных поручений государственных органов и должностных лиц в пределах своей компетенции и соблюдением исполнительской дисциплины, обеспечивает эффективное взаимодействие подразделений государственного органа;
      3) заместители акима области обеспечивают качественное выполнение законодательных актов, актов и поручений Президента Республики Казахстан, Администрации Президента, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан, акимата, акима и иных поручений государственных органов и должностных лиц в пределах своей компетенции по курируемым направлениям работы.
      Указанные должностные лица несут персональную ответственность за своевременное и качественное выполнение указанных документов.
      39. Обеспечение деятельности по контролю за сроками выполнения законодательных актов, актов и поручений Президента Республики Казахстан, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан, акимата и акима осуществляется аппаратом, в соответствии с регламентом аппарата акима области.

  Приложение к регламенту
Восточно-Казахстанского
областного акимата

Пояснительная записка к проекту постановления Восточно-Казахстанского областного акимата "_______________________________________________________________"


п/п
Перечень сведений, которые должны быть отражены в пояснительной записке
Информация государственного органа-разработчика
1.
Государственный орган-разработчик проекта
 
2.
Обоснование необходимости принятия проекта
 
3.
Предполагаемые социально-экономические и/или правовые последствия в случае принятия проекта
 
4.
Предполагаемые финансовые затраты, связанные с реализацией проекта
 
5.
Конкретные цели, сроки ожидаемых результатов и предполагаемая эффективность принятия проекта
 
6.
Сведения об актах акимата и акима области, принятых ранее по вопросам, рассматриваемым в проекте, и результатах их реализации
 
7.
Необходимость последующего приведения ранее принятых актов акимата и акима области в соответствие с проектом
 
8.
Результаты дополнительной экспертизы (правовой, экономической, экологической, финансовой и других), в случае ее проведения по поручению акима области
в других организациях
 
9.
Иные сведения
 

      Руководитель
      государственного органа (подпись) (расшифровка подписи)