"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 159 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 4054 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 194 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.07.2016 № 194 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттын мәтінінде түпнұсканын пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 39-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы (Е.Н. Чикенов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.М. Омарға жүктелсін.
      4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы "29" маусымдағы
№ 159 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
      8. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Казақстан көшесі, 59/1.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында спорттық, қоғамдық ұйымдардың қызметін тиімді мемлекеттік басқару мен үйлестіруді қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында спорттың барлық түрлерінің дамуына қолдау көрсету;
      2) дене шынықтыру және спорт саласында материалдық база құру және нығайту, тиісті инфрақұрылымдарды дамыту.
      15. Функциялары:
      1). Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;
      3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
      7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
      8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
      9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
      12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
      14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
      15) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      16) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
      20) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      23) дене шынықтыру және спорт саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт негізінде тарту арқылы жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды қамтамасыз ету.
      16. Құқықтарымен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, жеке тұлғалардан сұрату;
      2) "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;
      3) өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзгеде құқықтары мен міндеттері.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінебасшылықты "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінежүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындап, лауазымынан босатады;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
      3) "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі актілеріне қол қояды;
      4) "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      5) Мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда өз құзыреттілігі шегінде "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;
      6) "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттілігі мен кәсіби дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады.
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бірінші басшы болмаған кезеңде онын өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органныңқарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ұлттық ат спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортта дарында балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      4. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      5. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Зырян ауданы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      6. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      7. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      8. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық халық спортының ұлттық түрлері бойынша балалар - жасөспірімдердің спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      9. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Риддер қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт - техника мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық футболдан мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      13. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      14. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған шайбалы хоккейден балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      15. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      16. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      18. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      19. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Үржар ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      20. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлан ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      21. Шығыс Қазақстан облысыдене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдердің шайбалы хоккей бойынша олимпиадалық резервтегі арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      22. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Абай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      23. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      24. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Дәрігерлік - дене шынықтыру диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      25. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      26. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      27. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласының волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      28. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Дене шынықтыру - сауықтыру кешені" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      29. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Гандбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      30. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық су спорты түрлері бойынша кешенді балалар - жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении положения государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 29 июня 2015 года N 159. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 24 июля 2015 года N 4054. Утратило силу - постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 04 июля 2016 года № 194

      Сноска. Утратило силу - постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 04.07.2016 № 194.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 и статьей 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 17, статьей 164 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Восточно - Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области".
      2. Управлению физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области (Чикенов Е.Н.) принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Омар Ж.М.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким области Д. Ахметов

  Утверждено постановлением
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от"29" июня 2015 года № 159

Положение государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно -Казахстанской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно- Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      2. Государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области".
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" утверждаются постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата.
      8. Местонахождение государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области": индекс 070004, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, город Усть-Каменогорск, улица Казахстан, 59/1.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управления физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" осуществляется из местного (областного) бюджета.
      12. Государственному учреждению "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области".

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области": обеспечение эффективного государственного управления и координация деятельности спортивных, общественных организаций в целях реализации государственной политики в сфере физической культуры и спорта на территории Восточно-Казахстанской области.
      14. Задачи:
      1) содействие развитию всех видов спорта на территории Восточно-Казахстанской области;
      2) создание и укрепление материальной базы в сфере физической культуры и спорта, развитие соответствующих инфраструктур.
      15. Функции:
      1) создает инфраструктуру для занятий спортом физических лиц по месту жительства и в местах их массового отдыха;
      2) проводит областные спортивные соревнования по видам спорта, в том числе национальным, техническим и прикладным видам, массовому спорту, а также среди спортсменов-ветеранов совместно с республиканскими и (или) местными аккредитованными спортивными федерациями;
      3) обеспечивает подготовку областных сборных команд по видам спорта и их выступления на республиканских и международных спортивных соревнованиях;
      4) обеспечивает развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории области;
      5) координирует деятельность физкультурно-спортивных организаций на территории области;
      6) принимает меры по использованию во внеурочное и вечернее время спортивных сооружений организаций образования в целях обеспечения работы спортивных секций для населения и проведения спортивных мероприятий;
      7) присваивает спортсменам спортивные разряды: кандидат в мастера спорта Республики Казахстан, спортсмен 1 разряда;
      8) присваивает квалификационные категории: тренер высшего уровня квалификации первой категории, тренер среднего уровня квалификации первой категории, методист высшего уровня квалификации первой категории, методист среднего уровня квалификации первой категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации первой категории, спортивный судья первой категории;
      9) утверждает единый региональный календарь спортивно-массовых мероприятий по предложениям региональных и местных аккредитованных спортивных федераций и обеспечивает его реализацию;
      10) координирует организацию и проведение спортивных мероприятий на территории области;
      11) осуществляет сбор, анализ и предоставляет уполномоченному органу в области физической культуры и спорта информацию по развитию физической культуры и спорта на территории области по форме и в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;
      12) осуществляет аккредитацию местных спортивных федераций;
      13) реализует типовые образовательные учебные программы по видам спорта для областных школ-интернатов для одаренных в спорте детей;
      14) согласовывает типовые учебные планы областных школ-интернатов для одаренных в спорте детей;
      15) формирует и утверждает областные списки сборных команд по видам спорта по предложениям региональных и местных аккредитованных спортивных федераций;
      16) вносит предложения по обеспечению жилищем чемпионов и призеров Олимпийских, Паралимпийских и Сурдлимпийских игр в соответствии с Законом Республики Казахстан от 3 июля 2014 года "О физической культуре";
      17) организует медицинское обеспечение официальных физкультурных и спортивных мероприятий;
      18) обеспечивает общественный порядок и общественную безопасность при проведении физкультурных и спортивных мероприятий;
      19) координирует использование физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружений;
      20) вносит предложения по присвоению статусов "специализированная" спортивным школам, "специализированное" отделениям спортивных школ;
      21) согласовывает с республиканскими аккредитованными спортивными федерациями техническую спецификацию и техническое задание на проектирование спортивных сооружений, предназначенных для проведения соревнований международного и республиканского уровня;
      22) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан;
      23) обеспечение подготовки спортсменов высокого класса осуществляется с привлечением казахстанскими и иностранными специалистами в области физической культуры и спорта на договорной основе в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать от государственных органов, иных организаций, физических лиц информацию, необходимую для выполнения своих функций;
      2) вносить предложения по созданию, реорганизации и ликвидации подведомственных государственному учреждению "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области";
      3) иные права и обязанности, необходимые для осуществления своей деятельности.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Восточно - Казахстанской области.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области":
      1) в соответствии с законодательством назначает на должность иосвобождает от должности работников государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области";
      2) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и поощряет работников государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области";
      3) подписывает акты государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области";
      4) утверждает положения об отделах государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области";
      5) в пределах своей компетенции представляет государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" в государственных органах и иных организациях;
      6) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области";
      7) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      8) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное загосударственным учреждением "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" относится к областной коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно - Казахстанской области" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении государственного органа

      1. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа по национальным видам конного спорта" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      2. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская школа Олимпийского резерва по зимним видам спорта" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      3. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная школа-интернат для одаренных детей в спорте" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      4. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва по городу Семей" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      5. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская школа олимпийского резерва № 2 по Зыряновскому району" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      6. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская школа олимпийского резерва № 2 по городу Семей" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      7. Коммунальное государственное учреждение "Центр подготовки олимпийского резерва" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области".
      8. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная детско-юношеская спортивная школа по национальным видам народного спорта" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      9. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская школа Олимпийского резерва по городу Риддер" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      10. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная техническая школа" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      11. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская школа Олимпийского резерва по футболу" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      12. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва по городу Усть-Каменогорску" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      13. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская школа Олимпийского резерва по единоборствам" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      14. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва по хоккею с шайбой по городу Усть-Каменогорску" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      15. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа № 1 по городу Семей" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      16. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная школа высшего спортивного мастерства по летним видам спорта" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      17. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва по городу Усть-Каменогорску" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      18. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная школа высшего спортивного мастерства по зимним видам спорта" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      19. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско - юношеская спортивная школа олимпийского резерва по Урджарскому району" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      20. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская школа Олимпийского резерва по Уланскому району" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      21. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва по хоккею с шайбой" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      22. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская школа Олимпийского резерва по Абайскому району" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      23. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа Олимпийского резерва по легкой атлетике" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      24. Коммунальное государственное учреждение "Врачебно - физкультурный диспансер" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      25. Коммунальное государственное учреждение "Спортивный клуб для людей с ограниченными возможностями" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      26. Коммунальное государственное казҰнное предприятие "Волейбольный клуб города Усть-Каменогорска" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      27. Коммунальное государственное казенное предприятие "Волейбольный клуб города Семей" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      28. Коммунальное государственное казҰнное предприятие "Физкультурно - оздоровительный комплекс" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      29. Коммунальное государственное казҰнное предприятие "Гандбольный клуб" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.
      30. Коммунальное государственное учреждение "Восточно - Казахстанская областная комплексная детско - юношеская спортивная школа по водным видам спорта" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.