"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 159 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі N 194 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 159 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4054, 2015 жылғы 8 тамыздағы № 89 (17178) "Дидар", 2015 жылғы 10 тамыздағы № 93 (19692) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады