Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі N 190 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 қыркүйекте N 4134 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123 - бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 43-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, ұсынылған жобаларды қарап, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – Қорық) қорғау аймағы жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер телімдерін алусыз, ені кемінде 2 шақырым болып;
      2) Қорықты қорғау аймағының мөлшері мен шекарасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес;
      3) Қорықты қорғау аймағының аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43 - бабына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Орман шаруашылығы және
      жануарлар әлемі комитетінің
      Шығыс Қазақстан облыстық
      орман шаруашылығы және
      жануарлар дүниесі
      аумақтық инспекциясының басшысы Е.Упобаев

      2015 жылғы "31" 07.

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы "30" шілдедегі
№ 190 қаулысына қосымша

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының мөлшері мен шекарасы

      1. Қорғау аймағының жалпы ауданы – 48559,6 гектар.
      2. Үржар ауданының жерінде қорғау аймағы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы шекарасының бойында ені кемінде 2 шақырым тұтас жолақпен орналасқан.
      Қорғау аймағына шаруа қожалықтарының - 9656,5 гектар, "Фирма Мадина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - 12,1 гектар, "Даремет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - 2331,3 гектар, "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" мемлекеттік мекемесінің - 0,03 гектар, "Вокзал-Сервис" акционерлік қоғамының - 0,05 гектар, "2484 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесінің - 1,7 гектар жерлері, елді мекендер жерлері (Сағат ауылы) - 1650,0 гектар, су қоры жерлері (Алакөл, Сасықкөл көлдері) - 14206,4 гектар, қордағы жерлер - 20701,52 гектар кіреді.

Об установлении охранной зоны Алакольского государственного природного заповедника на территории Урджарского района Восточно-Казахстанской области

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 30 июля 2015 года № 190. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 04 сентября 2015 года N 4134

      В соответствии со статьей 123 Земельного Кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, подпунктом 11) пункта 2 статьи 10 и статьями 18, 43 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях", подпунктом 9) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", рассмотрев представленные проекты, в целях обеспечения особой охраны и защиты Алакольского государственного природного заповедника от неблагоприятного внешнего воздействия Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить:
      1) охранную зону Алакольского государственного природного заповедника (далее - Заповедник) на территории Урджарского района Восточно-Казахстанской области шириной не менее 2 километра без изъятия у землепользователей и собственников земельных участков;
      2) размеры и границы охранной зоны Заповедника согласно приложению к настоящему постановлению;
      3) режим и порядок природопользования на территории охранной зоны Заповедника в соответствии со статьей 43 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Мусина Д.М.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Восточно-Казахстанской области Д. Ахметов
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель
      Восточно-Казахстанской областной
      территориальной инспекции
      лесного хозяйства и животного мира
      Комитета лесного хозяйства и
      животного мира
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан Е. Упобаев

      "31" 07. 2015 года

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "30" июля 2015 года № 190

Размеры и границы охранной зоны Алакольского государственного природного заповедника

      1. Общая площадь охранной зоны - 48559,6 гектар.
      2. На землях Урджарского района охранная зона расположена вдоль границы Алакольского государственного природного заповедника сплошной полосой, шириной не менее 2 километров.
      В охранную зону входят: земли крестьянских хозяйств - 9656,5 гектар, товарищества с ограниченной ответственностью "Фирма Мадина" - 12,1 гектар, товарищества с ограниченной ответственностью "Даремет" - 2331,3 гектар, государственного учреждения "Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан" - 0,03 гектар, акционерного общества "Вокзал-Сервис" - 0,05 гектар, государственного учреждения "Войсковая часть 2484" - 1,7 гектар, земли населенных пунктов (село Сагат) - 1650,0 гектар, земли водного фонда (озера Алаколь, Сасыкколь) – 14206,4 гектар, земли запаса - 20701,52 гектар.