1. Мыналар:
1) Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – Қорық) қорғау аймағы жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер телімдерін алусыз, ені кемінде 2 шақырым болып;
2) Қорықты қорғау аймағының мөлшері мен шекарасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес;
3) Қорықты қорғау аймағының аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43 - бабына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Орман шаруашылығы және | |
жануарлар әлемі комитетінің | |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
орман шаруашылығы және | |
жануарлар дүниесі | |
аумақтық инспекциясының басшысы | Е.Упобаев |
2015 жылғы "31" 07.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "30" шілдедегі № 190 қаулысына қосымша |
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының мөлшері мен шекарасы
1. Қорғау аймағының жалпы ауданы – 48559,6 гектар.2. Үржар ауданының жерінде қорғау аймағы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы шекарасының бойында ені кемінде 2 шақырым тұтас жолақпен орналасқан.
Қорғау аймағына шаруа қожалықтарының - 9656,5 гектар, "Фирма Мадина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - 12,1 гектар, "Даремет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - 2331,3 гектар, "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" мемлекеттік мекемесінің - 0,03 гектар, "Вокзал-Сервис" акционерлік қоғамының - 0,05 гектар, "2484 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесінің - 1,7 гектар жерлері, елді мекендер жерлері (Сағат ауылы) - 1650,0 гектар, су қоры жерлері (Алакөл, Сасықкөл көлдері) - 14206,4 гектар, қордағы жерлер - 20701,52 гектар кіреді.