Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.10.2020 № 42/486-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына, "Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 351 Жарлығына, "Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 790 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Облыстық маңызы бар қалаларда аймақтардың шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/33–III шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1576, 2004 жылғы 31 қаңтардағы № 10 (15374) "Дидар", 2004 жылғы 3 ақпандағы № 18 (18653) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Семей, Риддер қалаларында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8–II "Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жерлерін аймақтарға бөлу сүлбісін бекіту туралы" шешімімен бекітілген аймақтарға бөлу сүлбісі бойынша.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері Өскемен қаласында 1–қосымшаға сәйкес, Семей қаласында 2–қосымшаға сәйкес, Риддер қаласында 4–қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
аталған шешімнің 2-қосымшасының тақырыбына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
3- қосымша алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Құттыбаев |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Головатюк |