"Облыстық маңызы бар қалаларда аймақтардың шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/33–III шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 07 қазандағы N 32/390-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 қарашада N 4231 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/486-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.10.2020 № 42/486-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына, "Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 351 Жарлығына, "Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 790 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Облыстық маңызы бар қалаларда аймақтардың шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/33–III шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1576, 2004 жылғы 31 қаңтардағы № 10 (15374) "Дидар", 2004 жылғы 3 ақпандағы № 18 (18653) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Семей, Риддер қалаларында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8–II "Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жерлерін аймақтарға бөлу сүлбісін бекіту туралы" шешімімен бекітілген аймақтарға бөлу сүлбісі бойынша.";
       2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері Өскемен қаласында 1–қосымшаға сәйкес, Семей қаласында 2–қосымшаға сәйкес, Риддер қаласында 4–қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
      аталған шешімнің 2-қосымшасының тақырыбына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
       3- қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Құттыбаев
      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады