Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/219-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3312, 2014 жылғы 20 мамырдағы № 56 "Рудный Алтай", 2014 жылғы 21 мамырдағы № 56 "Дидар" газеттерінде, 2014 жылғы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларында:
"3. Қорытынды ережелер" тарауы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Кошелев |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В. Головатюк |