Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 19/219-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 мамырда N 3312 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 04.08.2021 № 7/64-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 17.04.2015 № 27/328-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 04.08.2021 № 7/64-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Түсіпова
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы Г. Пинчук

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 19/219-V шешімімен бекітілді

Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидалары

      Ескерту. Қағидалары жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 04.08.2021 № 7/64-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асыраудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 болып тіркелген) бекітілген Жануарларға қарау қағидаларына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыстың елді мекендерінде жануарларды асырау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) биостерилизациялау – жануарларды тұқымдану қабілетінен (репродуктивті қабілетінен) хирургиялық жолмен айыру;

      2) жабайы жануарлар – табиғи тіршілік ету ортасы жабайы табиғат болып табылатын, сонымен қатар еріксіз немесе жартылай бостандықта мекендейтін жануарлар;

      3) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй жануарлары және жабайы жануарлар;

      4) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.

2. Жануарларды асырау тәртібі

      4. Үй және жабайы жануарларды асыраған кезде жеке және заңды тұлғаларға:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың және осы Қағидалардың талаптарын сақтау;

      2) жануарлар ауруын немесе ауру жұқтыру қаупін болдырмау, сонымен қатар керексіз төлдің пайда болуын болдырмау бойынша уақытша оқшаулау және иелері есебінен ветеринарлық клиникаларда биостерилизациялау арқылы шаралар қолдану;

      3) көлік жолының қасынан жануарлармен өткен кезде және олардың жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) жануарлардың зиян келтіруінен қоршаған адамдар мен жануарлардың, сонымен қатар мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      5) оларды биологиялық, түр-тұқымдық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін және олардың тамаққа, суға, ұйқыға, қозғалысқа, өзіне ұқсас жануарлармен қатынастарға, табиғи белсенділік пен басқа да қажеттіліктерге табиғи мұқтажын қанағаттандыратын жағдай жасалуын қамтамасыз ету;

      6) жануарларды тасымалдауға арналған көлікті арнайы құралдармен жабдықтау, сонымен қатар жануарларды тиеу және түсіру кезінде оларды жарақаттамайтын және/немесе өлімін болдырмайтын жабдықтарды қолдану;

      7) жайлы орналасқан орындарды, ылғалды-температуралық режимді, табиғи жарықты, вентиляцияны қамтамасыз ету қажет.

      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15772 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларының талаптарына сәйкес жабайы жануарларды ұстауға алаңдардың ең төменгі нормалары сақталған кезде жол беріледі.

      6. Қараусыз немесе қаңғып жүрген жануарларды асырау, оларды иесіне қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабымен айқындалады.

      7. Жануарларды асыраған кезде:

      1) жануарларға қатыгездікпен қарауға;

      2) жер асты суларын алуды қамтамасыз ететін құрылғылардан жиырма метрден жақын радиуста малдарды суаруға;

      3) су қорғау аймақтарының шегінде мал жаюға, жануарларды шомылдыруға және санитариялық өңдеуге;

      4) жануарлардың елді мекендер шегінде, сонымен қатар автомобиль және теміржол жолдарына бөлінген жолақта қараусыз мал жайылатын орындардан басқа жерлерде жүруіне;

      5) қоршаған ортаны ластауға жол берілмейді.

3. Қорытынды ережелер

      8. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 19/219-V шешімімен
бекітілді

Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары

      Ескерту. Шешім қағидаларымен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 04.08.2021 № 7/64-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асыраудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 болып тіркелген) бекітілген Жануарларға қарау қағидаларына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар ауыл шаруашылығы жануарларын асырайтын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

      3) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;

      4) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені.

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібі

      4. Ауыл шаруашылығы жануарларын асыраған кезде иелеріне:

      1) жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің (жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзат) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды (әрі қарай - ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) сақтай отырып, ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыруға жануарларды кедергісіз беру;

      2) алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 16.09.2022 № 19/167-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;

      4) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;

      жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;

      5) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар талаптарына сәйкес ұстау;

      6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 болып тіркелген) бекітілген Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде профилактикалық дезинфекцияны жылына екі рет жүргізу;

      7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында жануарларға уақтылы вакцина егуді және диагностиканы қамтамасыз ету;

      8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша шығарылған ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындау;

      9) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн сою және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеу;

      10) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыру;

      11) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсету;

      12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларының талаптарына сәйкес диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған жануарларды оқшаулап ұстау;

      13) жануарлардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес денсаулығына, әл-ауқатына қарай пайдалану және қамқорлық көрсету;

      14) ауыл шаруашылығы жануарларын асырауды, өсiруді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жүзеге асыру қажет.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 16.09.2022 № 19/167-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Ауыл шаруашылығы жануарларына бруцеллезге қарсы вакцинация жүргізілген жағдайда бруцеллезге қарсы вакциналар сатып алу және оларды пайдалану жануарлар иесінің есебінен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларының 99-тарауына "Бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібіне" сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды жою немесе зарарсыздандыру (көң, төсеніш материалдары, жемшөп қалдықтары), зарарсыздандырылған қалдықтарды (ветеринариялық конфискаттар, жануарларды сойғаннан қалған қалдықтар) мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастау, жемшөптік мақсаттарға кәдеге жарату немесе жағу арқылы кәдеге жарату жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) бекітілген Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      7. Ішкі сауда объектілерінде ветеринарлық құжаттар болғанда жануарларды өткізу Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10131 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды өткізу қағидаларының талаптарын ескеріп жүргізіледі.

      8. Қараусыз қалған немесе жабайы мал мен басқа да үй немесе қолға үйретілген жануарларды бағу және пайдалану, оларды иесіне қайтару Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабымен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады