Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 487-бабының 38-бабының, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына, "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 қосымшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Кошелев |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В. Головатюк |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 34/425-V шешіміне қосымша |