Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 223 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5675 болып енгізілді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы " Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)" 487-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы  вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                             А. Евниев

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы       
министрінің м.а.       
2009 жылғы 14 сәуірдегі
N 223 бұйрығымен       
бекітілген             

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі

      1. Осы әдістеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)" 487-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және жер үсті су ресурстарының су көздерін пайдалануда төлем мөлшерін есептеу кезінде (бұдан әрі - төлем мөлшері) қолданылады.
      2. Төлемақы мөлшерлері осы әдістеменің қосымшасында көрсетілгендей базалық ставкалар негізінде өзен бассейндері және экономика салалары бойынша Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің жыл сайын жариялайтын, сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейіндегі индексін ескере отырып, келесі формуламен есептеледі:

                  Р р = Р б х К 2009 ж х … х К i

      мұндағы:
      Р р – төлемақы мөлшерлері.
      Р б – базалық төлемақы мөлшері (әдістеменің қосымшасында көрсетілген).
      К 2009 ж – 2009 жылғы инфляция коэффициенті (бірлікке келтірілген).
      К i – кейінгі жылдардағы инфляция коэффициенті (бірлікке келтірілген).
      3. Төлемақы мөлшерін әзірлеу барысында аймақтың жағдайына байланысты төлемақы мөлшерін төмендету (0,2 кем емес) және жоғарылату коэффициентін жергілікті бюджетке түсетін төлемдердің жалпы сомасы осы әдістеменің 2-тармағы негізінде есептелген сомадан аспайтын болған жағдайда және екі еседен жоғары болмауы шарт болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жер үсті көздерінің су 
ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақыны есептеу
әдістемесіне қосымша   

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық ставкалар

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2015 № 19-1/550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер. (теңге/1000 тек.м)

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 тек.м)

Ауыл шаруашылығы. (теңге/1000 тек.м)

1.

Сырдария өзені және Арал теңізі бассейні

65

184

51

2.

Балқаш және Алакөл көлдері бассейні

58

160

46

3.

Ертіс өзені бассейні

63

181

51

4.

Есіл өзені бассейні

61

169

48

5.

Нұра, Сарысу және Кенгір, бассейніне жататын өзендер

68

194

56

6.

Торғай, Тобыл, Ырғыз бассейніне жататын өзендер

61

174

48

7.

Жайық, Сағыз, Ембі, Еділ, Ойыл, Үлкен және Кіші Өзен өзендері және Каспий теңізі бассейні

72

206

58

8.

Шу, Талас және Аса өзендері бассейні

68

191

56

кестенің жалғасы


Арнаулы су пайдаланудың түрі

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары (теңге/1000 тек.м)

Су энергетика. (теңге/1000 кВт.сағ)

Су көлігі (теңге/1000 тек.м)

1.

51

19

7

2.

44

17

5

3.

51

19

7

4.

48

17

5

5.

53

-

-

6.

48

-

-

7.

56

-

7

8.

53

19

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады