РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 43-бабының 1-тармағына, 44-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 57-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729, 804-баптарына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 7, 29, 72, 78-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 03 қыркүйектегі № 6812 "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3493 тіркелген, 2014 жылы 2 қазанда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
13-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"13. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, коммуникация, қалалық маңызы бар жолдар, қалаішілік қоғамдық жолаушылар тасымалы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру".
15-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"15. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
2) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін және басқа да қаланың көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) қаланың жолдарын салуды, пайдалануды және күтіп ұстауды, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеуді ұйымдастыру;
4) қала аумағын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
5) заңнамамен берілген өкілеттер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, қала жолдарын, көріктендіру объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
7) үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативтерін құруға жан-жақты көмек пен жәрдем көрсету;
8) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күтіп ұстау және жөндеудің ұйымдастырушылық нысанын енгізу бойынша іс-тәжірибелерді жалпылау, ұсыныстарды әзірлеу;
9) Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарын жасау, қажетті жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жалдаушы мен оның отбасы мүшелерін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы шаралар қабылдау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
11) жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға тиісті анықтама беру;
12) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
13) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдеріне жыл сайын түгендеу жүргізу;
14) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлуді қамтамасыз ету;
15) жылжымайтын тұрғын үй мүлкін иесіз, иесіз қалған деп тану және қаланың коммуналдық меншігіне тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
16) авариялық үй-жайларды бұзу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
17) тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
18) қаланың жол-көпір шаруашылығы және көріктендіру объектілерін, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;
19) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
20) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
21) қалада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
22) ағаштарды кесуге рұқсат беру;
23) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін, жылу желілерін дайындауы және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырылуды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
24) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізу;
25) жылу желілеріне (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келісімдеу;
26) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру;
27) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақалуы нормалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
28) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
29) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
30) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
31) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
32) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
33) қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарды олардың тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастыру;
34) тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ, мәжбүрлі еңбекке тартылған, бас бостандығын шектеуге сотталғандар үшін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру және белгілеу;
35) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар:
электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану (тұтынушылардың жылуды пайдаланалатын құрылғылары бөлігінде), су құбыры желілерінен суды заңсыз қосу, сол сияқты кәріздік желілерге заңсыз қосылғаны;
әзірлік паспортын алу мерзімін бұзғаны (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде);
Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзғаны (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде);
жылу желілерін бүлдіргені үшін жасау;
36) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
37) құзыреті шегінде мәселелерді қарау кезінде барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттің мүддесін ұсыну;
38) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
16-тармақта:
4) тармақша алынып тасталсын;
20-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"20. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталатын құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестерді шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
4) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін қорғайды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
6) заңнамамен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласы | |
әкімінің міндетін атқарушы | В. Головатюк |